Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жуалы ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына аудан орталығында салынған 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысып, қоныс той иелерін құттықтады.

Аталған тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Бас мердігер – «Бином» ЖШС. Үй бес қабаттан тұрады және 60 пәтерлі.

Облыс әкімі өңірде тұрғын үймен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

– Біз пәтер кезегіндегі тұрғындар санын азайту мақсатында жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтып келеміз. Аудан тұрғындарын баспанамен қамту бойынша аудан басшылығына нақты міндеттер жүктелді. Бүгінгі қоныс иелерін жаңа үйлерімен шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімі.

Бес баланың анасы Роза Керімбаева көп жылдар бойы пәтер кезегінде тұрғанын айтып, қуанышымен бөлісті.

– Көптен күткен арманымыз бүгін орындалды. Ұзақ жылдар бойы осы сәтті күттік. Баршаңызға көп рақмет! Сіздердің де үйлеріңізде осындай қуаныш болсын, – деді қоныс иесі.

Өткен жылы облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 759,0 мың шаршы метрді құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артқан.

Ал биыл облыс бойынша 765,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Әлеуметтік осал топтар үшін 21,5 млрд. теңгеге 1 415 пәтер сатып алу көзделуде.

Жалпы, 2024 жылы 2 830 баспана пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 3 445 отбасы баспанамен қамтылады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға артық көрсеткіш.

Сообщение Жуалы ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *