Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Әйеліме Берденовтен хабарлама келді“: Сотталушы шенеунікке қастандық жасауының себебін айтты

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды. Сотталушы Ернар Жиенбай шенеунікке шабуыл жасау себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6 тамыз күні басты сот отырысы айыпталушыны тергеуден басталды. Жиенбайдың айтуынша, жанжалдың себебі – жұмысқа қатысты келіспеушілік емес, қызғаныш болған.

1Бұл сөзімді халық естісін деймін. Бұл жағдайдың жұмысқа еш қатысы жоқ. Бәрі қызғаныштан шыққан", – деді Жиенбай.

Соттағы жауап алу кезінде Ернар Жиенбай өз отбасы туралы айтып, әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерді жоққа шығаруға тырысты.

"Алтыншы сыныптан бірге оқыдық – менің адал жарым, сүйікті әйелім. Мен оны ешқашан бөтен біреумен сөйлесіп тұрғанын көрген емеспін. Ол жақсы отбасынан шыққан, тәрбиелі қыз. Әлеуметтік желілерде жазып жатқандай жеңіл мінезді емес", – деді сотталушы.


Ол үлкен ұлының аутизммен ауыратынын айтты. Ерлі-зайыптылар дәл осындай диагнозы бар бала тәрбиелеп отырған отбасымен бір көшеде тұрған. Жиенбайдың айтуынша, бұл отбасы Руслан Берденовтың туыстары болған және әйелі олармен жиі араласып дамыту сабақтарына бірге барған.

"Әйелім Берденовпен дастархандас болған. Сол жерлерде "қара касса" деген ойын ойнаған", – деді айыпталушы.

Жиенбайдың айтуынша біршама уақыттан кейін , әйелінің телефонына Руслан Берденовтен хабарлама келген.

"Әйелімнің телефонына қарасам, Руслан Берденов оған лайк басып, "Сен әдемісің" деп жазған. Мен бұдан артық ештеңе ойлаған жоқпын. Ондай сөздерді мен де әпкелеріме айтам", – деді ол.

Сотталушының айтуынша, болжалды қастандық жасалардан бір күн бұрын ол Берденовке қабылдауға бармақ болған. Әйелінен киімдерін дайындап қоюын сұраған. Бірақ үйге келгенде әйелі үлгермегенін, ал көйлегінің шеті күйіп қалғанын байқаған.

"Мен асығып тұрдым. Сол кезде ол маған Руслан Берденов қалай киінетінін айта бастады. Сөйтсем, оған 5 миллион тұратын костюмдер ұнайды екен. Бұл да менің қастандық жасауға баруыма себептердің бірі болған шығар", – деді Жиенбай сотта.

Сот процесі мемлекеттік тілде, ашық түрде өтіп жатыр. Руслан Берденов сотқа қатысып жатқан жоқ. Оның өкілі Жеңіс Тыныбек жәбірленушінің емделіп жатқанын айтты. Сот залында айыпталушының әйелі де бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *