Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ailand жаңа форматта: елордадағы аквапарк орнына заманауи ойын-сауық орталығы салынады

Елорданың Ailand отбасылық демалыс орталығында ірі қайта құру жұмыстары басталды. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап аквапарк жұмысы тоқтап, оның орнына 2026 жылғы көктемде ашылатын жаңа жабық ойын-сауық орталығы салынады.
Бұл – Қазақстан мен Орталық Азияда теңдесі жоқ, жыл бойы жұмыс істейтін, 10 000 м² аумақта орналасқан кешен болады. Онда балалар мен ересектерге арналған 100-ден астам аттракцион, соның ішінде ең биік сырғанақтар орналастырылады. Инфрақұрылым барлық жас санатындағы келушілерге қолайлы болатындай жоспарланған.

Кешенде туған күндер, жеке және отбасылық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістіктер, фудкорт пен қоғамдық тамақтану аймақтары қарастырылған. Қазіргі уақытта Ailand командасы Food & Beverage саласындағы брендтермен әріптестік орнатуға дайын. Жаңа кешен жалға алушыларға жоғары трафик, икемді орналасу және мақсатты аудиторияға қолжетімділік ұсынады.

Жобаның артықшылықтары:

Астананың оң және сол жағалауы тоғысындағы ыңғайлы орын;жан-жақты қызмет көрсететін дамыған инфрақұрылым;танымал бренд және тұрақты келуші легі;брендтер үшін арнайы жобалар мен безендіру мүмкіндіктері;күнделікті келушілердің көптігі – мақсатты аудиторияның тұрақты ағыны.


Жоба 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және жыл сайын 1,5 миллионнан астам келушіні қабылдайтын Ailand орталығының дамуының жаңа кезеңі.
Ailand құрамына кіреді:

"Джунгли" аниматроника театры – динозаврлар мен мифтік жаратылыстармен интерактивті экскурсиялар;Океанариум – Гиннестің рекордтар кітабына енген, мұхиттан ең шалғай орналасқан нысан;"Aiduman" театры – балаларға арналған интерактивті сахна;65 метрлік шолу шеңбері – астананың ең биік дөңгелегі;
Жазғы ойын-сауық саябағы – аттракциондар мен маусымдық фестивальдар өтетін ашық алаң;Экзотариум – сирек кездесетін жануарлар мен Қызыл кітапқа енген түрлер.

Суреттер: "Ailand Astana" ЖШС
Жаңа жабық орталық – бұл жай ғана қайта құру емес, Ailand бренді үшін стратегиялық даму кезеңінің бастамасы.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *