2025 жылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру грантының иегерлері тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТІЗІМДЕРДІ ОСЫ ЖЕРДЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ
Грант тағайындау туралы шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім саласындағы кәсіподақтар, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде шамамен 113 мың талапкер білім беру грантына қатысу үшін өтініш бергенін мәлімдеген болатын. Ең жоғары сұранысқа ие бағыттар:Педагогикалық ғылымдарИнженерлік, өңдеу және құрылыс салаларыАқпараттық-коммуникациялық технологиялар2025 жылы бакалавриат деңгейінде оқуға 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның ішінде ең көп грант инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінген.Қазақстанда стипендия көлемі артады: студенттер қанша алады?
Анықтама: Қазақстандық ЖОО-ларға ақылы бөлімге құжат тапсыру мерзімі – 25 тамызға дейін.
Грант иегерлерінің арасындағы танымал есімдерҒылым және жоғары білім министрлігінің деректеріне сүйенсек, грант иегерлерінің қатарында 38 мыңнан астам қыз және 36 мыңнан астам ұл бала бар.Қыздар арасындағы ең танымал есімдер:
Аружан – 1 243Аяулым – 781Нұрай – 545Арайлым – 485Диана – 474Ұл балалар арасында жиі кездесетін есімдер:Ерасыл – 753Диас – 510Мирас – 389Азамат – 373Рамазан – 359
Абай есімімен байланысты қызықты дерек2025 жылы Қазақстан ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын атап өтуде. Осыған орай министрлік Абай есімімен байланысты деректерді де жариялады:
"Грант иегерлері арасында Абай есімді 48 адам бар. Сонымен қатар, ақынның шын есімі – Ибраһим 19 рет, Ибрагим нұсқасында 28 рет кездеседі. Бұл есімді иеленген жастардың басым бөлігі ақпараттық технологиялар мен инженерлік бағыттарды таңдаған", – делінген ақпаратта.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда "Абай" есімді 18 763 адам тұрады. Ең көп тіркелген өңірлер:Астана – 2 089 адамТүркістан облысы – 2 018Алматы қаласы – 1 719
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!