Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан мен Түркия бірлескен Іскерлік кеңес құрады

Cауда-экономикалық қарым-қатынастарды, инвестициялық мүмкіндіктерді, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы кедергілерді еңсеру арқылы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мақсатында Астанада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Түрік - қазақ iскер адамдар ассоциациясы (ТУКИБ) арасында Қазақ-түрік Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге қазақ тарапынан Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Мұрат Кәрімсақов пен түрік тарапынан ТУКИБ Басқарма кеңесінің төрағасы Аббас Шахин қол қойды.
Сурет: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды, қалыптасқан саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды ескере отырып, Қазақ-түрік Іскерлік кеңесі екіжақты іскерлік байланыстарды одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етеді және екі елдегі бизнес үшін тұрақты және тең мүмкіндіктерді дамытуға қолдау көрсетеді.

Келісімге қол қойғаннан кейін ТУКИБ Басқарма кеңесінің төрағасы Аббас Шахин атап өткендей: "Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін тиімді алаңға айналатын Кеңестің құрылуы екі бауырлас елге, оның ішінде түрік және қазақстандық іскер топ өкілдеріне пайдалы болатынына сенімдіміз".

Анықтама:
Түрік - қазақ iскер aдамдар aссоциациясы (ТУКИБ) 2016 жылдың басында Алматыда құрылды. ТУКИБ ірі қазақстандық және түрік компанияларының атынан Қазақстан нарығының ең танымал қатысушыларын біріктіреді.
Қазақстан мен Түркияның іскер топтары арасындағы өзіндік "көпір" ретінде ТУКИБ өз қызметінде мынадай негізгі мақсаттарды ұстанады:

Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға белсенді қатысу;
Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-өнеркәсіптік және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту;
түрік және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ынталандыру;
бауырлас екі елдің іскер топтары өкілдерінің мүмкін болатын қиындықтарын шешу жолдарын іздеу;
кәсіпкерлер мен компанияларға олардың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;
екі ел арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *