Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда “Жібек Жолы“ автобазарындағы заңсыз құрылыстар бұзылады

Алдағы уақытта "Жібек Жолы" автобазары толығымен жаңа форматта сауда жасауды жоспарлап отыр, ал базар аумағындағы заңсыз құрылыстың барлығы бұзылады. Темірден жасалған бұл сауда орындарын кезінде рұқсат алмай, қала құрылысының ережесін елемей отырып салған. Мемлекеттік органдар мен базар әкімшілігінің өкілдері "Жібек Жолы" базарын қалай өзгерткелі жатқандарын айтып берді.
"Жібек Жолы" базары – сайман сатып, автокөлікке қызмет көрсету үшін ашылған базар болатын. Мұнда шамамен 2000 сауда орны бар. Базар аумағында көлік жөндейтін, сайман сататын, көліктің майын, суын ауыстыратын сауда нүктелері орналасқан.

"Бүкіл базарды жабады дегені шындыққа жанаспайды. Біз заңсыз салынғандарын ғана бұзғалы жатырмыз. Қазірдің өзінде кәсіпкерлермен бірлесіп оларды заңдастыру жағын қолға алдық. Ең бастысы – ешкім жұмыссыз қалмауы керек. Көлік жөндейтін жаңа станциялардың жобасын жасап жатырмыз. Олар жаңаша жабдықталып, онда адамға керек дүниенің бәрі болады. Қазір тиісті органдарға жүгініп жатырмыз. Бұл өзгерісті толық іске асыру үшін бізге шамамен бір жылдай уақыт керек", – дейді "Жібек Жолы" базарының директоры Азамат Құлмаханбет.


Базар басшысының айтуынша, осы уақытта олар жаңа жабдық орнатып, қауіпсіздік жүйесін жетілдірмекші. Су тартып, санитарлық тораптар, көтергіш құрылғылар мен әжетхана сияқты керек-жарақ түгел кірмек. Сөйтіп, сауда-саттықты заңнамаға сай жүргізуі үшін барлық жағдай жасамақ. "Жібек Жолы" базарының эскиздік жобасы дайын. Қазір базар аумағының 80%-ын өрт дабылы орнатылған жабық павильондар алып жатыр.

Орнынан айырылғалы тұрған кәсіпкерлердің өзі де кәсібін заңдастырғысы келетінін айтады. Солардың бірі – автоэлектрик Серікхан Ермахан. Серікханның бұл базарда жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдай болыпты.

"Жұмыссыз қаламыз ба деп қорықтық. Бірақ бүгінгі кездесуден кейін қолға алғалы жатқан жоспарын көріп, күпті көңіліміз орнына түсті. Біз де заң аясында жұмыс істегіміз келеді", – дейді кәсіпкер.


Шара барысында айтылғандай, заңсыз салынған 30 нысан ғана бұзылады. Бұдан базардың жұмысы тоқтап қалмайды. Заңмен санасып салынған сауда орындары ары қарай жұмыс істей бермек.

"2023 жылдың мамыр айында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, сол кезде жалпы аумағы 5500 шаршы метр болатын 30 заңсыз құрылыс анықталды. Заң бұзушылықты жою жөнінде әкімшілік шаралар қабылданды. Бірақ базардың иесі бұл нұсқаманы орындаған жоқ. Сосын біз оларды сүру үшін қаланың әкімшілік сотына талап жолдадық. Былтырғы желтоқсанда сот талабымызды қанағаттандырды. 2024 жылдың сәуір айында сот құрылыс иесінің шағымын қанағаттандырмай, шешім өзгеріссіз қалды. Осыған байланысты сот шешімі заңды күшіне енді. Заңсыз салынған 30 нысанды бұзу жөніндегі атқару парағы Әділет департаментінде", – дейді Алатау және Бостандық аудандары бойынша қала құрылысын бақылау басқармасының бөлім басшысы Әлібек Төлбасиев.

Суреттер: Алматы әкімдігі
Билік өкілдері кез келген құрылысты ережені ескере отырып салу керек екенін ескертіп отыр. Өз бетімен салынған құрылыс қатер төндіріп, заңдастыруға да келмей, кейін иесі өстіп текке шығынданатынын айтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *