31 жастағы сурдоаудармашы Айдана Жапарованың өмір жолы тағдыр қиындығына мойымаған табандылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болуға лайық. Құлағы естімейтін жандардың отбасында туған ол жас кезінде сал болып та қалды, бірақ дертті жеңіп шықты. Айдана қазір сахнаға шығып, есту қабілетінен айырылған көрерменді өнермен табыстырып жүр.