Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық фильм Нью-Йоркте беделді сыйлыққа ұсынылды

Режиссер Алина Мустафинаның «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді кинофестиваль – 48-ші Asian American International Film Festival аясында «Деректі кино саласындағы перспективті режиссер» номинациясы бойынша үздіктер қатарына енді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Картина Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ғана ұсынылған.

«Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» роуд-муви жанрында түсірілген фильм. Қазақстаннан үш буын әйел Польшаға, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан өз атасының қабіріне қарай сапар шегеді. Фильмде түп-тамырын іздеу, жеке тұлғаны тану, ұрпақ сабақтастығы мен өткенге қайта оралу сияқты тақырыптар қозғалады.

Туынды Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) әлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде (Италия) еуропалық премьерасы өтті, Cinema Verite фестивалінде (Иран) «Үздік фильм» Гран-приін иеленді, «Бастау» фестивалінде (Қазақстан) «Үздік дебют» жүлдесін алды, сондай-ақ Bolzano Film Festival Bozen (Италия) және ORAI Festival (Абай, Қазақстан) арнайы көрсетілімдерінде көрсетілді. Сонымен қатар, бұл фильм Қазақстандағы «Сыншылар таңдауы» сыйлығында «Үздік дебют» номинациясына ұсынылған алғашқы деректі жоба болды.

Айта кетейік, Asian American International Film Festival 2025 жылғы 31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте өтеді, ал марапаттау рәсімі 10 тамызда Манхэттенде ұйымдастырылады.

Осыған дейін Абай туралы қандай фильмдер түсірілетіні туралы жаздық.

Сообщение Қазақстандық фильм Нью-Йоркте беделді сыйлыққа ұсынылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *