Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ербол Қарашөкеев құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Құрылысшы күні кәсіби мерекесіне орай сала ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетті.
Өңірде құрылыс көлемі жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы 127,1 млрд теңгеге 124 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
Биыл жалпы құны құны 205,9 млрд. теңгені құрайтын 185 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, 52 көпқабатты тұрғын үй, 26 жаңа мектеп, 9 денсаулық сақтау, 15 спорт, 12 мәдениет, 5 ауыл шаруашылығы нысаны және 61 инфрақұрылым жобалары бойынша құрылыс қарқынды жүргізілуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 257,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде кезекте тұрған 3 805 отбасы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,4 пайызға жоғары (2024 ж. – 2 830 пәтер).
– Құрылыс саласы – экономиканың негізгі тіректерінің бірі. Қазіргі таңда елімізде бұл сала қарқынды даму үстінде. Бұл – сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, табанды еңбектеріңіздің және адал қызметтеріңіздің нақты нәтижесі. Құрылысшылардың қолтаңбасы әрбір бой көтерген тұрғын үйде, мектеп пен ауруханада, сондай-ақ инфрақұрылымдық нысандарда көрініс табуда. Сіздер ел игілігі үшін еңбек етіп, халықтың әл-ауқатының артуына зор үлес қосып келесіздер, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасты.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «SULTAN CITY GROUP» ЖШС-ның құрылыс шебері Мұрат Айболов пен «Темір Строй Сервис и Ко» ЖШС-ның газэлектр-дәнекерлеушісі Ахан Батихов «Құрмет» орденімен наградталды.
«Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС-ның бас инженері Қайрат Таубалдиев, «ЕрНұрЖан Құрылыс-2010» ЖШС-ның кран машинисі Исмаил Мавлюдов және «ӨРКЕН» ЖШС-ның құрылыс шебері Ильдус Зимуков «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.
Сонымен қатар бірқатар құрылысшыға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.
Басқосуда құрылысшылардың атынан сала ардагері, «Сырым Білеке» ЖШС директоры Елмұрат Күнібеков құттықтау сөз сөйледі.

Сообщение Ербол Қарашөкеев құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *