Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

KMF – Қазақстандағы 23-ші банк атанды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "KMF Банк" АҚ-на банк операцияларын жүргізуге лицензия берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында банк секторындағы бәсекелестікті арттыруды тапсырған болатын.

Микроқаржыдан банкке дейін

Салтанатты рәсімде құжатты Банктің Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіповке Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова табыс етті. Жаңа банк Қазақстандағы екінші деңгейдегі 23-ші банкке айналды және елдегі ең ірі микроқаржы ұйымы KMF-ті қайта құру нәтижесінде құрылды.

Банктің мәліметінше, KMF – 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы секторының ең көне қатысушыларының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұйым активтер көлемі, кредиттік портфелі және клиенттер саны жағынан Қазақстандағы микроқаржы ұйымдары арасында бірінші орынды иеленді. Жұмыс істеген жылдары KMF кең ауқымды өңірлік желі қалыптастырып, өзін әлеуметтік бағдарланған әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты институт ретінде танытты.

Фото КМF

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KMF активтері 395 миллиард теңгені, кредиттік портфелі – 315 миллиард теңгені құрады. Қаражаттың 90 пайыздан астамы шағын және орта бизнесті, соның ішінде аграрлық сектордағы 100 мыңнан астам қарыз алушыны қаржыландыруға бағытталған. Кәсіпкер әйелдерді қолдау жобалары нақты сектор субъектілеріне берілген кредиттердің 55 пайызын құрайды. Барлығы 275 мыңнан астам клиент KMF қызметін пайдаланады, олардың 70 пайыздан астамы өңірлерде тұрады.

ШОБ пен өңірлерге басымдық

Банк өкілдері 90 күннен асқан мерзімі өткен қарыз деңгейі 6 пайыздан төмен, ал капитал жеткіліктілігі 22 пайыз екенін атап өтті. Бұл көрсеткіштер жоғары қаржылық тұрақтылықты дәлелдейді. Филиалдық желі 17 филиал мен ел бойынша 123 құрылымдық бөлімшеден тұрады. Қызметкерлердің жалпы саны 2 500-ден асады, олардың шамамен 70 пайызы өңірлерде жұмыс істейді. 180 мыңнан астам адам KMF және оның негізгі акционері – KMF-Демеу Корпоративтік қоры бірлесіп жүзеге асырған әлеуметтік жобалар аясында қаржылық және бизнес-білімін арттырды.

Алынған лицензия заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарды ашып, жүргізуге, кассалық және аударым операцияларын жасауға, кредиттер беруге, валюта айырбастауға, банктік кепілдіктер ұсынуға, соның ішінде жаңа мобильді қосымша арқылы қызмет көрсетуге құқық береді. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылғаннан кейін мүмкін болады.

Банк өкілдері ШОБ-ты, соның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қаржыландыру және дәстүрлі банкинг пен цифрлық шешімдердің үйлесімін дамыту басымдық болып қала беретінін атап өтті.

Айта кетейік, KMF Банк 2025 жылы банктік лицензия алған екінші жаңа банк болды. Бұған дейін, 25 маусымда, "Коммерциялық банк БиЭнКей" АҚ лицензия алған еді. Қазіргі таңда елімізде екінші деңгейдегі 23 банк жұмыс істейді, оның 11-інде шетелдік қаржы топтарының қатысуы бар.

12.08.2025 ж. № 1.1.120 банк операцияларын жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *