Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Джей Лоның концертінен қанша табыс түсті - Қаржы министрлігі жауап берді

Үкіметте өткен брифингте Қаржы министрі Мәди Такиев Дженнифер Лопестің Астана мен Алматыда өткен концерттерінен ел бюджетіне қанша табыс түсті деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, концерт тиімді болды. Біріншіден, Джей Ло жалғыз келген жоқ, онымен бірге көршілес елдерден туристер келді. Астанадағы концертке шамамен 5 мың, ал Алматыдағы концертке 7 мыңдай турист келген. Олардың барлығы қонақ үйлерде тоқтайды, мейрамханаларға барады, қалада серуендейді. Біздің есебіміз бойынша, бір турист кем дегенде мың доллар қалдырады", – деді Такиев.

Оның айтуынша, әлемдік жұлдыздың келуі экономикаға оң әсер еткен.

"Салықтарға келсек, біз әлі есептеген жоқпыз. Салық төлеу мерзімі келген жоқ, бірақ бақылап отырмыз: қонақ үйлерде баға қаншалықты өсті, мейрамханаларда баға қалай өзгерді, кассаларда қандай айналым болды. Декларациялар тапсырылған кезде ғана нақты көретін боламыз", – деп түсіндірді министр.

Әлемдік жұлдыздың Қазақстанда өткен концертінен түскен табыс жөнінде Ұлттық экономика вице-премьер-министрі Серік Жұманғарин де пікір білдірді.

"Мен концерт ұйымдастырушысымен сөйлестім, ол 400 миллион теңге табыс түседі деп жоспарлап отырғанын айтты. Салық декларациясын тапсыру мерзімі – 25 қараша, одан кейін 25 күн ішінде салық төлеу керек. Жоспар – 400 миллион теңге", – деді ол.

Еске салайық, "Астана концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов бұған дейін америкалық актриса әрі әнші Дженнифер Лопестің Астанада өткен концерті ел экономикасына 400 миллион теңге пайда әкелетінін айтқан.
Айта кетейік, 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті өтті. Қала әншінің Up All Night әлемдік туры аясында келген елдегі екі шаһардың бірі болды. Бұған дейін ол Астанада концерт берген.
Концерт кезінде бірнеше оқиға орын алды. Әнші көрермендерді қарсы алу үшін сахнадан түскен сәтте, жоғарыдан роза түсті, ол Лопестің кепкасын қағып түсіріп, әншіні шошытқан болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *