Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында жаман жол үшін 263 лауазымды тұлға жазаланды

Жыл басынан бастап Жамбыл облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Полицейлер биылғы жеті айда жолдардан шамамен 9,5 мың ақау анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz cілтеме жасап.

"Тексеру нәтижесінде жол таңбасының бүлінуінен бастап инфрақұрылымның техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне дейінгі түрлі сипаттағы 9 494 ақау анықталды. Автожолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттемелерін орындамағаны үшін облыс көлемінде 263 лауазымды тұлға жауапқа тартылды", -делінген хабарламада.

Қорытындысы бойынша жол ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 2 111 нұсқама берілді. Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы Азамат Бақытұлы жолдардың жай-күйі тұрақты бақылауды және қатаң шараларды қажет ететінін атап өтті.

"Жолдардың күтім сапасы тікелей жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне әсер етеді. Біз барлық бұзушылықтарды тіркеп, олардың қысқа мерзімде жойылуын талап етеміз. Бұл ретте тек нұсқамалар берумен шектелмейміз — жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Адамдардың қауіпсіздігі — біздің басты басымдығымыз", - деді ол.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 1 084 ақпараттық хат жолданды. Нұсқамалардың орындалуы жоспарлы тәртіппен қадағаланып отыр. Сонымен қатар берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалына ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша 31 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *