Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Президент Қордайда «Достық үйін» салуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясының делегаты ретінде зор әсерге бөлендім. Президентіміз сессияда жасаған баяндамасында атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы – мемлекеттілік пен бірліктің іргетасын нығайтатын негізгі институт. Сондай-ақ ҚХА мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесіндегі рөлі бойынша ең алдымен мемлекеттік орган мен қоғамдық институттардың мүмкіндіктерін үйлестіретін этносаралық коммуникациялардың жалпыұлттық алаңы.
Президентіміз: «ҚХА әртүрлі мәдениеттің қатар дамуына және өзара қарым-қатынасына қатысты қағидаттарды сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – қазіргі әлемнің ең өзекті мәселесі. Сондықтан біз Ассамблеяны одан әрі дамытамыз. Оның жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіріп, құрамын үнемі жаңартып отырамыз», деген болатын. Мемлекет басшысы сессияда аймақтардағы Ассамблея жұмысын жандандыру керектігін тапсырды.
Сондай-ақ кейбір өңірлерде «Достық үйін» ашу туралы да мәселені көтерді. Яғни, Президент өзге ұлт өкілдері тығыз қоныстанған өңірлерді атай келіп, соның ішінде облысымыздың Қордай ауданында да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйін» ашу қажеттігін қозғады.
Жалпы, Қордай ауданында 160 мың адам тұрса, оның шамамен 40 пайызы өзге ұлт өкілдері. Сондықтан да онда «Достық үйін» ашу туралы ұсынысты Президентіміз дұрыс көтеріп отыр деп есептеймін. Бұл – халықтар достығы мен ынтымақ-бірлігін бұрынғыдан да арттыра түседі деген ойдамын.

Асқарбек АҚЫЛШАҰЛЫ
Қордай ауданының Құрметті азаматы, ҚХА Жамбыл облысы «Ақсақалдар» кеңесінің төрағасы

Сообщение Президент Қордайда «Достық үйін» салуды тапсырды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *