Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ерінбей еңбек етсең, бақыт келіп басын иеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбатында көкейде жүрген көп сауалға жауап берді. Соның ішінде мемлекеттік тілдің мән-маңызы мен жастар тәрбиесі туралы ойлары кім-кімді де бейжай қалдырмайтындығы сөзсіз.
«Мен түрлі жиындарда жастарымыз туралы жиі айтамын. Өйткені олардың болашағын ойлап, шын жүректен тілеулестік білдіремін. Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні.
Бүгінгі жастар біздің жас кезімізге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Қазіргі технология дәуірінде бұл – қалыпты нәрсе. Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін.
Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын» – деді Президент сұхбатта.
Бүгінде мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Шекара асып, шетелдің маңдайалды университеттерінде оқуға қолдау көрсетіліп келеді. Мұның барлығы байыпты бастамаларды лайықты жалғастырып кетуге бағытталған. Ең бастысы, ерінбей еңбек етіп, іздену керек. Сонда ғана нақты нәтижеге жетуге болады.
Гулам УМАРОВ,
облыстық қан орталығының директоры,
облыстық мәслихат депутаты

Сообщение Ерінбей еңбек етсең, бақыт келіп басын иеді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *