Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр, найзағай мен жел: синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана – Көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°, күндіз +20…+22°.

Алматы – Көшпелі бұлт, түнде өткінші жаңбыр. Жел батыстан 3–8 м/с, кей жерлерде екпіні 13 м/с. Температура түнде +18…+20°, күндіз +28…+30°.

Шымкент – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Температура түнде +17…+19°, күндіз +28…+30°.

Ақмола облысы – Түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз де солай. Батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+15°, күндіз +18…+23°.Көкшетауда – Көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Температура түнде +12…+14°, күндіз +19…+21°.

Алматы облысы – Оңтүстігінде және таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, солтүстікте, оңтүстікте және тауда екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +15…+20°, тауда +5…+10°, күндіз +27…+32°, тауда +17…+22°.Қонаевта – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +18…+20°, күндіз +29…+31°.

Жетісу облысы – Түнде шығысы мен тауларында жаңбыр, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +13…+18°, шығыста +21°, тауда +8°, күндіз +26…+31°, тауда +21°.Талдықорғанда – Көшпелі бұлт, түнде аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде +16…+18°, күндіз +28…+30°.

Түркістан облысы – Күндіз таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с, асуларда 15–20 м/с. Температура түнде +16…+21°, тауда +13°, күндіз +28…+33°, тауда +25°.Түркістанда – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +17…+19°, күндіз +28…+30°.

Батыс Қазақстан облысы – Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +10…+15°, күндіз +25…+30°, оңтүстігінде +33°.Оралда – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Температура түнде +13…+15°, күндіз +27…+29°.

Атырау облысы – Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +14…+19°, күндіз +28…+33°.Атырауда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, түнде 2–7 м/с, күндіз 6–11 м/с. Температура түнде +16…+18°, күндіз +30…+32°.

Маңғыстау облысы – Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +16…+21°, күндіз +27…+32°.Ақтауда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +17…+19°, күндіз +27…+29°.

Ақтөбе облысы – Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +9…+14°, оңтүстігінде +17°, күндіз +22…+27°, оңтүстігінде +30°.Ақтөбеде – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Температура түнде +11…+13°, күндіз +23…+25°.

Қостанай облысы – Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең солтүстік пен батысында тұман. Жел солтүстік-батыстан, батыстан түнде 7–12 м/с, күндіз 9–14 м/с. Температура түнде +10…+15°, күндіз +20…+25°.Қостанайда – Көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с. Температура түнде +11…+13°, күндіз +20…+22°.

Солтүстік Қазақстан облысы – Жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең батысында және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз батысында, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +9…+14°, күндіз +18…+23°.Петропавлда – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +12…+14°, күндіз +19…+21°.

Павлодар облысы – Түнде оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +9…+14°, күндіз +21…+26°.Павлодарда – Көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+12°, күндіз +23…+25°.

Қарағанды облысы – Жаңбыр, найзағай, солтүстігі мен шығысында кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +10…+15°, оңтүстігінде +18°, күндіз +17…+22°, оңтүстігінде +27°.Қарағандыда – Көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +12…+14°, күндіз +19…+21°.

Ұлытау облысы – Солтүстігі, шығысы және орталығында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Температура түнде +11…+16°, күндіз +23…+28°, шығысында +20°.Жезқазғанда – Көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +12…+14°, күндіз +23…+25°.

Шығыс Қазақстан облысы – Солтүстігі, шығысы және орталығында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Температура түнде +11…+16°, күндіз +23…+28°, шығысында +20°.

Абай облысы – Түнде жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін. Температура түнде +12…+17°, күндіз +22…+27°, оңтүстігінде +30°.Семейде – Көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +15…+17°, күндіз +23…+25°.

Қызылорда облысы – Күндіз солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз орталығында 15–20 м/с. Температура түнде +14…+19°, күндіз +28…+33°.Қызылордада – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +16…+18°, күндіз +30…+32°.

Жамбыл облысы – Таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20, екпіні 23 м/с-қа дейін. Температура түнде +15…+20°, тауда +10°, күндіз +26…+31°, тауда +23°.Таразда – Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +15…+17°, күндіз +29…+31°.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *