Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тосын жайт: өгей әкесі құлдықта ұстады деп айыптаған балалардың анасы күйеуін қорғады

Жамбыл облысында "құлдықта ұсталғанын" және жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтқан жасөспірімдердің анасы қазір қамауда отырған күйеуін қорғап шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ананың пікіріӘйелдің айтуынша, балалар өгей әкесіне жала жапқан. Ол күйеуімен бес жылдан бері бірге тұратынын және зорлық көрмегенін жеткізді.

"Егер олар 5 жыл бойы қорлық көрсе, неге сол кезде қашып кетпейді?! Бәрі жалған", - деді ол.

Жасөспірімдердің денесіндегі көгерген жерлері туралы сұраққа ананың жауабынша, күйеуі балаларды ұрмаған.

"Күйеуім де, балалар да намаз оқиды. Ешкімді мәжбүрлемеген. Ал іздерге келетін болсақ, ол ояту үшін камшымен жерді ұрған", - деді әйел.

Ол күйеуін қорғауды, тіпті оның кінәлі екені дәлелденсе де, оны қорғап алып шығатынын айтты.

"Мен оны алып шығу үшін аяғына дейін барамын. Екеуі де мен үшін қымбат", - деді ана.

Іс туралы не белгілі?
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Талас ауданындағы екі баланың видеосы тараған еді. Онда оларды өгей әкесі күштеп ұстап, мал бағып жұмыс істеткенін айтқан. Балалардың сөзінше, ол телефондарын тартып алған және әр жоғалған қой үшін ұрған.
Жамбыл облысы полициясы қылмыстық іс қозғағанын растады. Жасөспірімдерді Таразға, Балаларды қолдау орталығына жіберген, онда оларға психологиялық және заңдық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеуге құқық қорғау органдары қызметкерлері мен балалар омбудсмені қатысып отыр.
Контекст
Журналистердің мәліметінше, әйел - алты баланың анасы, 2019 жылы қайта тұрмысқа шыққан. Үш ұлы өгей әкесінен қысым көрсетілгенін айтады.
Тергеу жалғасып жатыр, қорытынды комиссия жұмысы мен сот шешімінің нәтижесінде жасалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *