Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жел, жаңбыр, найзағай: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 18 тамызда Қазақстанда салқын болады деп болжады. Жаңбыр, найзағай күтіледі, кейбір облыстарда бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана – түнде +12...+14 градус, құбылмалы бұлт, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Түнде жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с, екпіні 15-18 м/с. Күндіз +20...+22 градус.

Алматы – түнде +17...+19 градус, құбылмалы бұлт, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8 м/с, екпіні 18 м/с. Күндіз +25...+27 градус.

Шымкент – түнде +15...+17 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Күндіз +31...+33 градус.

Абай облысы – түнде +10...+12 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Күндіз +25...+27 градус. Семей – түнде +13...+15 градус, құбылмалы бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +23...+25 градус.

Алматы облысы – түнде +16...+18 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Күндіз +31...+33 градус. Қонаев – түнде +18...+20 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 9-14 м/с. Күндіз +26...+28 градус.

Ақмола облысы – түнде +13...+15 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +24...+26 градус. Көкшетау – түнде +11...+13 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз +20...+22 градус.

Ақтөбе облысы – түнде +10...+15, облыстың оңтүстігінде +18 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +22...+27, оңтүстікте +30 градус, жауын-шашынсыз. Ақтөбе – түнде +11...+13 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Күндіз +25...+27 градус.

Атырау облысы – түнде +17...+19 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Күндіз +31...+33 градус, жауын-шашынсыз. Атырау – түнде +15...+17 градус, құбылмалы бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз +28...+30 градус.

Шығыс Қазақстан облысы – түнде +8...+10 градус, құбылмалы бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +23...+25 градус. Өскемен – түнде +13...+15 градус, құбылмалы бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +23...+25 градус.

Жамбыл облысы – түнде +14...+19, таулы аудандарда +10 градус, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Күндіз +26...+31. Тараз – түнде +14...+16 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +28...+30 градус.

Жетісу облысы – түнде +15...+20, шығыста +23, таулы аудандарда +10 градус, шығыста, орталықта, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 9-14 м/с, шығыста, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз +25...+30, таулы аудандарда +22 градус. Талдықорған – түнде +16...+18 градус, құбылмалы бұлт, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 7-12 м/с. Күндіз +26...+28 граду.

Батыс Қазақстан облысы – түнде +12...+17 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +27...+32 градус. Орал – түнде +13...+15 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Күндіз +29...+31 градус.

Қарағанды облысы – түнде +8...+13, оңтүстікте +16 градус, батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз +17...+22, оңтүстікте +27 градус. Қарағанды – түнде +10...+12 градус, құбылмалы бұлт, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Күндіз +18...+20 градус.

Қостанай облысы – түнде +8...+13, оңтүстікте +16 градус, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Батыста, солтүстікте тұман. Жел батыстан 9-14 м/с, шығыста, оңтүстікте 15-20 м/с. Күндіз +22...+27, оңтүстікте +30 градус. Қостанай – түнде +10...+12 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 9-14 м/с. Күндіз +23...+25 градус.

Қызылорда облысы – түнде +13...+18 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Күндіз +29...+34 градус. Қызылорда – түнде +15...+17 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Күндіз +31...+33 градус.

Маңғыстау облысы – түнде +18...+23, орталықта +15 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз батыста 15-20 м/с. Күндіз +30...+35, батыста +27 градус. Батыста құмды дауыл. Ақтау – түнде +18...+20 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Күндіз +30...+32 градус.

Павлодар облысы – түнде +10...+15 градус, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Күндіз +18...+23 градус. Павлодар – түнде +12...+14 градус, құбылмалы бұлт, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +21...+23 градус.

Солтүстік Қазақстан облысы – түнде +9...+14 градус, оңтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, дауыл. Түнде және таңертең батыста тұман. Жел батыстан түнде 9-14 м/с, шығыста екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, шығыста екпіні 25 м/с. Күндіз +19...+24 градус. Петропавл – түнде +11...+13 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыстан түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз +20...+22 градус.

Түркістан облысы – түнде +15...+20, таулы аудандарда +12 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Күндіз +30...+35, таулы аудандарда +27 градус. Түркістан – түнде +16...+18 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Күндіз +31...+33 градус.

Ұлытау облысы – түнде +11...+16, шығыста +8 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз +22...+27, оңтүстікте +30 градус. Жезқазған – түнде +12...+14 градус, құбылмалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Күндіз +25...+27 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *