Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ХАМАС Израильдің Газа тұрғындарын оңтүстікке көшіру жоспарына қарсы болып отыр

АҚШ пен Еуроодақ террористік ұйым деп таныған палестиналық ХАМАС тобы Израильдің Газа тұрғындарын қаладан анклавтың оңтүстігіне көшіру жоспарын "геноцидтің жаңа толқыны" деп атады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Бұған қоса, ХАМАС Израильдің Газа секторының оңтүстігінде шатырлар мен паналауға арналған өзге де жабдықтар орналастыру жоспарын "оккупациялық күштер жасамақ болған қатыгез қылмысты бүркемелеуді" көздеген "өрескел алдау" деп сипаттады.

Бұған дейін Израиль Газаның солтүстік бөлігін басып алу мақсаты барын мәлімдеген.

16 тамыз күні Израильдің қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкілі Авихай Эдри жексенбіден бастап "БҰҰ мен халықаралық гуманитарлық ұйымдардың қолдауымен" Газа секторына уақытша баспана жасауға қажетті шатырлар мен өзге де құрал-жабдықтар әкелуге қайтадан рұқсат берілетінін хабарлады.

Оның айтуынша, мұндай шешім "Газадағы бейбіт тұрғындарды ұрыс жүріп жатқан аудандардан анклавтың оңтүстігіндегі гуманитарлық аймақтарға көшіруге дайындық аясында" қабылданған. Алайда көшіру нақты қашан басталатыны айтылмады.

ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің кейінгі әуе шабуылдары салдарынан кемінде 40 адам қаза тапқан. Сенбі күні әл-Муваси ауданындағы шатырға шабуыл жасалған, ал ол аумақты бұған дейін Израиль гуманитарлық аймақ деп жариялаған еді деп жазды The Guardian басылымы. Шабуыл салдарынан нәресте қыз бен оның ата-анасы мерт болған.

2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылы салдарынан 1200-ден астам адам қаза тапқан. ХАМАС израильдіктер мен шетелдіктерді қоса алғанда 253 адамды кепілге ретінде Газа секторына алып кеткен. Бұдан кейін Израиль ХАМАС-ты жою мақсатында Газа секторында ауқымды әскери операция бастаған. Қазіргі таңда Газада қалған 50-ге жуық тұтқынның шамамен 20-сы ғана тірі болуы мүмкін деген болжам бар.ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігі Израильдің әскери іс-қимылдары салдарынан секторда 61 мыңнан астам адам қаза тапқан дейді, алайда қазіргі уақытта бұл деректі растау мүмкін болмай отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *