Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тұрғын үйге техникалық паспортты қашан ауыстыру керек? “Азаматтарға арналған үкімет“ түсіндірді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы барлық тұрғын үй иелері техникалық паспортты кадастрлыққа ауыстыруы қажет деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекеттік корпорацияның коммуникациялар қызметінің жетекшісі Асқар Атагулин бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Ауыстыру тек екінші деңгейлі банктерге жүгінген жағдайда (қарыз, кепіл және т. б.) немесе нотариустар арқылы мәміле жасағанда (олардың өз талабы бойынша) ғана қажет. Басқа барлық жағдайда тұрғын иелерінің қалауымен жүзеге асырылады. Яғни ондай тікелей міндет жоқ", – деді Атагулин.

Ал "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Telegram-арнасында техникалық паспортты ауыстыру (кадастрлыққа – еск.) азаматтардың өтінішіне қарай және қалауы бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда жүзеге асырылатыны айтылған:

қайта жоспарлау, жаңғырту жүргізіліп, соның нәтижесінде техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда;
нысандарды бөлу және біріктіру кезінде;
құқық белгілейтін құжатта көрсетілген сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан жасалған жылжымайтын мүлік нысанының нақты деректерімен сәйкессіздігін анықтау мақсатында.

Кадастрлық паспортты рәсімдеу үшін қажет:

белгіленген үлгідегі өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ қызмет алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;
жылжымайтын мүлік нысанына құқық белгілейтін құжат;
кадастрлық паспорт беруге төлем жасауды растайтын құжат.

Кадастрлық паспорттың құны нысанның ауданы мен түріне байланысты есептеледі. Төлем екі кезеңде жүргізіледі: өтініш берген кезде негізгі құн (аванс) төленеді, ал нәтиже дайын болғанда жасалған жұмыс үшін толық ақы (қосымша төлем) төленеді.
Жыл басында қазақстандықтар "25 қаңтардан бастап қайта жоспарлауға тыйым салу туралы заң шығады" деген хабарламалар ала бастаған. Онда осы уақытқа дейін техпаспортты ауыстырып үлгермесең, бір миллион теңгеден асатын айыппұл төлейсің деген ақпарат тараған. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *