Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атыраулық ата-аналар мұғалімді алаяқтық жасады деп айыптады

Атырауда №37 орта мектептің мұғалімі алаяқтық жасады деп айыпталды. Ата-аналардың айтуынша, ол сенімдеріне кіріп, грант әперемін деп уәде берген соң ақша мен әшекей бұйымдарын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ата-аналар тобы шағым түсіріп, мұғалім өз қызметін жеке мүддесіне пайдаланғанын айтқан.

"Балаларымызды кімге сеніп тапсырамыз? Мектеп ішінде осындай жағдай болып жатқанда тәрбиемен, біліммен қалай мақтана аламыз?" – деп ашуланды ата-аналар.

Олар мұғалімді дереу жұмыстан шығаруды талап етіп, қалалық прокуратураны, полицияны және білім басқармасын жағдайды бақылауға алып, істі сотқа жеткізуге шақырды.
Ата-аналар қауымы балалардың тағдырына немқұрайлық танытпайтынын және деректер расталған жағдайда кінәліге қатаң жаза қолдануды талап ететінін айтты.
Ал білім басқармасы әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеген.
Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша "Алаяқтық" бабымен соталды тергеу басталды. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда №30 мектептің бұрынғы қызметкері мектеп директоры балаларға тиісіп жүр деп айыптаған. Бұл жағдайға қатысты облыстық білім басқармасы пікір білдірген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *