Қазақстанның теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясаты
Қазақстанның теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап көрсеткеніндей цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мемлекетіміздің ұлттық стратегиялық мүддесіне сай келетін теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясаты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан орнықты дамуымызға зор ықпал етіп отыр. Көптеген мемлекет Қазақстанмен достық қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуда. Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, бүгінгі таңда соның көпшілігі Қазақстанмен достық байланыстар орнатып, ынтымақтастық келісім-шарттарына қол қойды. Ашық, демократиялық саясат жүргізген Қазақстан шет елдермен достық қарым-қатынас орната білді. Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға мүдделі алыс-жақын елдердің бәрімен ынтымақтастығымызды бағалаймыз. Еліміз сындарлы да сарабдал саясатының арқасында әлемдік қауымдастықта үлкен беделге...