Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда ғылым және технология мәселелері жөніндегі кеңес өтті

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Әкімдік жанындағы Ғылым және технологиялар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары және жас ғалымдар қатысты. Кеңес Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде инновациялық экожүйені дамыту мақсатында құрылды.
Дархан Сатыбалды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған міндеттердің өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, жаңа салаларды дамыту және ғылым мен технология үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

"Жаһандық өзгерістер жағдайында Алматының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оның әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет", – деді Дархан Сатыбалды.


Жиында жасанды интеллект тақырыбына айрықша назар аударылды. Ел Президенті арнайы министрлік құру және AI технологияларын экономиканың барлық саласына кеңінен енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұл бастама Алматы үшін стратегиялық маңызға ие. Елдегі 254 инновациялық компанияның 52-сі осында орналасқандықтан да қала - еліміздің жетекші IT-хабы саналады.

"Бұл Алматының жаңа технологияларды енгізу мен сынақтан өткізу әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді", – деді қала әкімі.


Сондай-ақ, цифрлық технологиялардың экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамытуға зор мүмкіндік ашатыны аталды.
Маңызды бағыттардың бірі – кадр даярлау. Әкімнің айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту оқу бағдарламаларын өндірістің нақты сұраныстарына сәйкестендіруге жол ашады. Ал ғылымды коммерцияландыру "еңбек өнімділігін арттыруға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді".

Алматыдағы ғылыми қызметтің негізгі бағыттары ретінде экология, сейсмика, зияткерлік әлеует, инфрақұрылым және көші-қон үдерістері айқындалды.

"Қалада жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін жергілікті ғылыми институттар мен ғалымдардың қолданбалы зерттеулері мен идеяларын белсенді түрде енгізу маңызды", – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.


Жиын бұл мәселелерді жүйелі түрде зерттеп, инновациялық шешімдер әзірлеуді көздей отырып, әлемдік озық тәжірибелер мен отандық стартаптарға сүйенеді.

"Алматы басқа қалаларға үлгі болып, жаңа идеялар мен үздік тәжірибелердің қайнар көзіне айналуы тиіс", – деп түйіндеді қала әкімі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *