Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Күн күрт суытып, найзағай ойнайды: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 11 қыркүйек, бейсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің басым бөлігінде құбылмалы бұлтты болады. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай болады, тұман түседі, жекелеген өңірлерде желдің күшеюі мен бұршақ күтіледі. Республика оңтүстігі мен батысында негізінен жауын-шашынсыз.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы:

Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, тұман. Жел солтүстіктен 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Температура түнде +7…+9, күндіз +14…+16.

Алматы – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 18 м/с-қа дейін. Температура түнде +15…+17, күндіз +24…+26.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +30…+32.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9–14 м/с, түнде екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +18…+20, күндіз +26…+28.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 5–10 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +19…+21.

Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +23…+25.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 6–11 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +18…+20.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +15…+17.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, тұман. Жел солтүстіктен 7–12 м/с, екпіні 15 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +13…+15.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +25…+27.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып 9–14 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +13…+15.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +24…+26.

Павлодар – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +15…+17.

Петропавл – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстіктен 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +12…+14.

Семей – құбылмалы бұлтты, жаңбыр. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде +9…+11, күндіз +16…+18.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +23…+25.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +24…+26.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +30…+32.

Орал – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +20…+22.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +16…+18.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *