Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зейнетақы жинағына тіс емдеу: шектеу қашан алынады?

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініштер қабылдау тоқтатылды. Дегенмен, бұл шектеу қысқа мерзімге созылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отбасы банк БЗҚ-ны пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде, тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗҚ-қаражатын мақсатсыз пайдалану мен құжаттарды қолдан жасаудың көптеген деректері анықталғанын айтты.

"Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігі артылған зейнетақы жинақтарын пайдалануын бақылауды күшейту мақсатында емдеуге қолданатын біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер 2025 жылдың 27 сәуірінен бастап күшіне енді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Үкіметте Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігі және Қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен бірқатар жиындар өткізілгені айтылды. Оның нәтижесінде 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылатын болды. Осы күнге дейін берілген өтініштер әдеттегі тәртіппен қаралады.
Осы уақыт аралығында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, тіс емдеуге зейнетақы ақшасын пайдалану барысында алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін тиімді жүйе әзірленеді.
Тіс емдеуге қанша зейнетақы қаржысы жұмсалды?
2021 жыл мен 2025 жылдың 20 тамызы аралығында Отбасы банкінің enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек "Стоматологиялық қызметтер" бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 795 424 транзакция жасалған.
Талдау көрсеткендей, соның 222,61 млрд теңгесі ТОП-20 стоматологиялық клиникаға түскен. Бұл клиникалардың жартысы Атырауда, қалғандары Алматы мен Астанада орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *