Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тұмауға қарсы вакцинация кеш басталады: министрлңк себебін айтты

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация жоспарланған мерзімнен кейін басталады. Денсаулық сақтау министрлігі себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл Қазақстан 2 миллиард теңгеге Ресейде өндірілген "Гриппол+" тұмауға қарсы 2 миллион доза вакцина сатып алды. Ол тұмаудың ең көп тараған үш штаммынан қорғайды.
Тамыз Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025–2026 жылдары тұмау, ЖРВИ және коронавирусқа қарсы профилактика жүргізу туралы қаулыға қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталуға тиіс еді.

"Жеткізуші бізге Қазақстанға арналған вакцинаның қыркүйектің екінші онкүндігінде ғана дайын болатынын хабарлады. Сондықтан біз тұмауға қарсы вакцинациялау науқанының басталуын 1 қазанға ауыстыруға мәжбүрміз", – деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцина арқылы басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева.

Мүмкін салдары
Комитеттің айтуынша, бұл жағдай екпе науқанының тиімділігіне әсер етпейді. Қазақстанда тұмау мен суық тию маусымы әдетте қазанда басталады. Әдетте вакцинацияны ертерек бастап, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға тырысады. Дегенмен екпені кейін де салдыруға болады.
Алдымен вакцинациядан өтетіндер:

созылмалы аурулары бар, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар;ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;қарттар үйінде тұратын қарт адамдар;мүгедектігі бар азаматтар;медицина қызметкерлері;инфекция жұқтыру қаупі жоғары топтар: жүкті әйелдер, әскерилер, педагогтар, 65 жастан асқандар және басқалар.

Тұмауға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі, тіркелген емханаларда алуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *