Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев нөсерден кейін опырылу қаупі бар аумақтарды тексерді

Алматының Әуезов ауданында толассыз жаңбырдан кейін Аманжол және Яссауи көшелерінде жол опырылып кеткен. Қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәселенің жай-жапсарын білу үшін оқиға орнына барып қайтты.
Аманжол көшесінде жол жабыны бұған дейін мердігер ұйым "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС инженерлік желілерді жүргізуді аяқтаған аумақта опырылып кеткен. Асфальтты қалпына келтіру жоспарланған газ құбыры жұмыстарына байланысты кейінге қалдырылған еді. Алайда нөсер суы мен борпылдақ топырақ жолдың бүлінуіне әкелді. Алмасхан Сматлаев мерзімді кейінге шегеру тұрғындарға қосымша қауіп тудырғанын айтып, мердігер ұйымдарды сынға алды.


Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысқан тұсында шамамен 100 шаршы метр аумақта жол опырылып кеткен. Мұнда бұған дейін "Спецкоммунстрой" компаниясы кәріз жүйесін орнатқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, траншеяларды су шайып, топырақ дұрыс нығыздалмағандықтан осындай апат болған. Әкімнің орынбасары құрылыс нормаларына сілтеме жасағанмен, бұл мердігердің сапа үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.


"Сіздерге төрт күн беремін. Екі ауысымда жұмыс істеп, жолды қалпына келтіріңіздер. Енді Алматыда жаңбырдан кейін мұндай жағдай қайталанбауға тиіс", – деді Алмасхан Сматлаев.


Қазір екі көшеде де жұмыс қызу жүріп жатыр. Жұмысшылар мен техника жұмылдырылған, ал жолды қалпына келтіру барысын әкімдік жіті бақылауға алған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *