Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

НАТО Балтық теңізіне әскери кемелері мен қосымша барлау құралдарын жібереді

НАТО Данияның әуе кеңістігіне дрондардың бірнеше рет басып кіруіне жауап ретінде Балтық теңізіне зениттік фрегат пен қосымша барлау құралдарын жібереді.

Сенбі күні Данияның әскери нысандары маңында кезекті рет белгісіз дрондар байқалды. Бұған дейін бірнеше дрон әуежай маңы мен елдің маңызды инфрақұрылымы маңында пайда болған еді.

Елдің солтүстігіндегі ең ірі Копенгаген әуежайы дүйсенбі күні дрондардың салдарынан бірнеше сағатқа жабылды. Келесі күні осы себеппен тағы шағын бес азаматтық және әскери әуежай жабылды.

НАТО "Балтық теңізіндегі бақылауды күшейтетінін" хабарлады. Жаңа ресурстар арасында барлау платформалары, бақылау құралдары, сонымен бірге бір зениттік фрегат бар. Альянс өкілі нақты қай елдердің құралдарды беретінін айтпады.

Жаңа күштер қаңтарда Балтық теңізінде газ құбыры мен электр желілері бүлінгеннен кейін іске қосылған НАТО-ның "Балтық сақшысы" миссиясын қолдайды. Елдің маңызды инфрақұрылымын қорғау үшін НАТО елдері фрегаттар мен патрульдік ұшақтары, теңіз дрондарын орналастырған.

Қыркүйекте де Польшаның әуе кеңістігіне оннан астам ресейлік дрон кіргеннен кейін Еуропаның шығыс жағының қорғанысын күшейтуге бағытталған "Шығыс сақшысы" миссиясы іске қосылған еді. 19 қыркүйекте үш ресейлік МиГ-31 жойғыш ұшағы Эстонияның әуе кеңістігінде шамамен 12 минут болған, бұдан соң оларды Балтық теңізін күзетіп жүрген италиялық жойғыш ұшақтары анықтаған. Ақпарат құралдарының жазуынша, НАТО өкілдері ресейлік дипломаттарға солтүстікатлантикалық одақтың шығыс шекарасы ендігәрі бұзылса, ресейлік әскери ұшақтар атып түсірілетінін ескерткен.

Ресей өзінің дрондары "Польшадағы нысандарға шабуылдауды жоспарламағанын", ал жойғыш ұшақтар Эстонияның әуе кеңістігіне кірмегенін, шекараны бұзбай ұшқанын айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *