Қаржылық сауаттылық – заман талабы
Бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Қаржыны дұрыс басқару, инвестиция жасау, және бюджет жоспарлау сияқты дағдыларды дамыту қоғамда өзекті мәселе болып отыр. Бұл тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында қаржылық сауаттылық бойынша сарапшы,инвестор Исламбек Әділбек өз тәжірибесімен бөліседі. Ол қаржылық сауаттылықты дамыту қажеттілігі мен оның қоғамдағы әсері жайлы пікірлерімен бөліседі.
-Сіздің пікіріңізше, қаржылық сауаттылық дегеніміз не? Неліктен ол бүгінгі таңда маңызды?
- Қаржылық сауаттылық дегеніміз ол әр адам өзінің табатын қаржысын жүйелі, сауатты ,орынды басқара білуі. Әрбір адам өмірінде ,болып жатқан тіршілігінде қаржы ағымы болады, яғни кез келген адам ақша табады, жаратады. Сол қаржыны дұрыс басқару ,дұрыс бөле...