Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Президент Жасанды интеллектіні дамыту кеңесінің алғашқы отырысын ашты

Елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы басталды.

Бұл кеңес ЖИ, ғылыми зерттеу мен цифрлық технология саласында Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші ойыншы ретінде стратегиялық дамуының маңызды қадамы болмақ.

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес Президент Жарлығымен құрылған және ол — елдегі ЖИ дамытудың стратегиясын қалыптастыратын, технологияларды экономиканың негізгі салалары мен мемлекеттік басқаруға енгізуді сүйемелдейтін, сондай-ақ салалық бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарға ұсыныстар әзірлейтін кеңесші-консультативтік орган.

— Ең алдымен Астанаға арнайы келген кеңес мүшелеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі басқосу «Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мол мүмкіндіктер және сын-қатерлер» деген тақырыппен өтеді. Білім-ғылым саласы стратегиялық сала. Сондықтан ең алдымен осы бағытта пікір алмасып, ой бөлісеміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың ашылуында.

Бірінші отырысқа Қазақстан Үкіметінің өкілдері, оның ішінде Премьер-министр мен салалық министрлер, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен компанияларынан халықаралық сарапшылар мен ғалымдар қатысып отыр. Олардың қатарында БАӘ, АҚШ және Қытай мамандары бар.

Кеңесте адами капиталды дамыту және білім беру саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері қарастырылады. ЖИ-дің оқу процесіндегі рөліне, мамандарды даярлауға және экономиканың түрлі салаларына енгізілуіне ерекше назар аударылады.

Сонымен бірге, отырыс аясында Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесін аралады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жасанды интеллектті барлық салаларға енгізу бастамасын көтерді.

Жуырда Жаслан Мәдиев ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Сообщение Президент Жасанды интеллектіні дамыту кеңесінің алғашқы отырысын ашты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *