Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сапалы құрылыс – дұрыс жоспарлау мен жобалаудан басталады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жиында басқарма басшысы Әлібек Аманбай атқарылған жұмыстарды баяндап, қолайлы орта қалыптастыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Өңірдегі 375 елді мекеннің барлығы қала құрылысы құжаттарымен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Тараз қаласындағы 44 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен аудандар бойынша 76 елді мекеннің бас жоспарын «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне енгізу жоспарланған.
Қазіргі таңда 5 аудандағы 36 елді мекеннің бас жоспарын, Тараз қаласының 44 егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу және түзету жұмыстары жүргізілуде.
Ал Жамбыл ауданындағы 6, Жуалыда – 7, Мойынқұмда – 15, Т. Рысқұлов ауданында – 7 және Шу ауданындағы 5 елді мекеннің жоспары әлі ақпараттық жүйеге енгізілмеген.
Өңір аумағында 152 нысанның құрылысы «қызыл сызық» талаптарын сақтамай салынған. Олардың көпшілігі Тараз қаласында, сондай-ақ Талас, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарында орналасқан.
«Сәулеттік бюро» КММ директоры Бауыржан Сұлтанбектің айтуынша, басқармалар мен әкімдіктер ұсынған 61 жобалық-сметалық құжаттамаға талдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 25-іне келісім беріліп, 15-іне ұсыныс жасалған. Ал 5 ЖСҚ кері қайтарылып, 16-сынан бас тартылған.
– Соңғы жылдары жобалық-сметалық құжаттамалардың сапасыз әзірленуі құрылыс жұмыстарының сапасына тікелей кері әсерін тигізіп келеді. Осы кемшіліктердің алдын алу мақсатында «Сәулеттік бюроға» ЖСҚ әзірлеу функциясы жүктелген болатын. Алайда аталмыш мекеме мен Тараз қаласы, аудан әкімдіктері және облыстық басқармалар арасында үйлестіру жұмыстары жеткіліксіз болғандықтан, бірқатар мәселе әлі де қайталануда, – деді аймақ басшысы.
Ербол Қарашөкеев аппарат басшылығына кеңесте анықталған кемшіліктерді негізге ала отырып, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарларының жауапкершілігін қарастыруды ескерті.
Кеңес қорытындысында жауапты тұлғаларға барлық елді мекеннің бас жоспарын «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне толық енгізу, «сақалды» құрылыстардың иелерімен келіссөздер жүргізу арқылы жұмыстарды жандандыру тапсырылды.
Сонымен қатар құрылыс нормаларын бұзған және «қызыл сызық» талаптарын сақтамаған нысан иелерін анықтап, заң аясында шаралар қабылдау, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін қайта жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді жоспар әзірлеп, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жүктелді.

Сообщение Сапалы құрылыс – дұрыс жоспарлау мен жобалаудан басталады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *