Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Үкімет жыл соңына дейін ұсыныс беруге тиіс“ - Тоқаев зерттеу университетін ашуды тапсырды

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ бұл жұмысқа әлемдік үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруге тиіс. Осындай жаңа оқу орны бізге не үшін қажет деген сауал да туындауы мүмкін. Басты мақсат – экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Зерттеу университеті ғылым-білім, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек. Қазіргі жаһандық білім және технология нарығында бәсеке өте жоғары. Дарынды жастарымыз әлемдік деңгейдегі сапалы білімді тек шетелден емес, өз елімізден де алғаны дұрыс. Бұл – Қазақстанның болашағына тікелей әсері бар өте маңызды мәселе", – деді Президент.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне кеңінен енгізу қажет деп санайды.

"Дербес оқыту – революциялық мүмкіндік. Әдеттегі "Барлығына бір бағдарлама" моделі заман талабына сай келмейді. Әр оқушының өзіне тән ерекшелігі бар. Бірі математикаға жүйрік болса да, тіл үйренген кезде қиналады. Енді бірі гуманитарлық пәндерге жетік болса, бірі физикаға шорқақ. Жасанды интеллект арқылы осы олқылықты жоюға болады. ЖИ негізінде құрылған білім жүйесінде әр оқушының қарым-қабілетіне сәйкес жеке оқыту бағдарламасын әзірлей аламыз. Соның нәтижесінде жастардың әлеуеті мен оқуға ынтасы артады. Халықаралық тәжірибеде мұндай сәтті мысалдар жеткілікті. Мәселен, АҚШ-та DreamBox және Knewton сияқты білім беру платформалары математика курсын әр оқушыға бейімдеп оқытады. Оңтүстік Кореяда жасанды интеллектіні тіл үйрену үшін қолданады. Қазақстанда да мұндай тәсілге жүгінудің айрықша маңызы бар. Әсіресе, көпэтносты ел ретінде біз тілдік, мәдени немесе жалпы білім деңгейі әртүрлі балалардың бәріне тең жағдай жасауды ойлауымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *