Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын ашып, бұл жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.
Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды.

"Сондықтан біз де осы ахуалға сай алдымызға биік мақсат қойдық. Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық ел болуы керек. Мен бұл туралы халыққа Жолдауымда жан-жақты тарқатып айттым. Жалпы, елімізде осы бағытта біраз жұмыс істелді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің 92 пайыздан астамы онлайн форматта ұсынылады. Былтыр еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі 85 пайыздан асты. Сондай-ақ биыл алғашқы жарты жыл ішінде Қазақстан азаматтарына 26 миллион цифрлық қызмет көрсетілді. Соның жартысына жуығы смартфон арқылы жасалған. Мұның бәрі де, әрине, жақсы. Дейтұрғанмен жасанды интеллектінің даму жылдамдығы өте тез, қарқыны жоғары. Сондықтан бір орында тоқтап қалмай, бұл іске үнемі жаңа көзқараспен қарау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі басқосу "Білім беру саласындағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер және сын-қатерлер" тақырыбына арналатынын айтты.
Президенттің пікірінше, біз қазір түбегейлі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жасанды интеллект бүгінде экономиканың, мемлекеттік басқару жүйесінің, ғылымның, ең бастысы, білім беру саласының келешегін айқындауда.

"Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз және егемендігіміз осы технологияны қалай пайдаланатынымызға қарай анықталады. Жасанды интеллект осы трансформацияның қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл орайда әлемдегі немесе аймақтағы көшбасшылық туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Басты мақсат – Қазақстанды озық, өркениетті елге айналдыру. Көптеген жетекші елдер жасанды интеллектіні XXI ғасырдың стратегиялық ресурсы ретінде мойындады және оны дамытуға қомақты қаржы бөліп отыр. Мысалы, Қытай "ЖИ +" (AI+) атты мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның аясында жасанды интеллект технологиясын экономикаға, ғылымға және әлеуметтік салаға кешенді түрде интеграциялау көзделген. Ал Құрама Штаттар аталған салада дүние жүзі бойынша көш бастауды мақсат тұтады. Соған сәйкес стратегиясын іске асыра бастады. Бұл фактілер әлемде мүлдем жаңа даму парадигмасы қалыптасып жатқанын көрсетеді: жаһандағы технологиялық бәсекенің негізгі факторы – жасанды интеллект. Қазақстан бұл үдерістен тыс қала алмайды. Сол себепті біз барлық саладағы интеграцияны үйлестіру үшін Жасанды интеллект министрлігін құрдық",– деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *