Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Пайдалы кеңестер

Пайдалы кеңестер қашан да артық болмайды деген оймен назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оларды керегіңізге жаратарсыз деген үміттеміз.

1. Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет.

2. Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз.

3. Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті кетіру үшін сірке қышқылын пайдаланыңыз.

4. Асхана орамалдарын 12 сағатқа ұйыған сүтке салып қойсаңыз, ол жақсылап жуылады.

5. Сүт піскен кезде төгілмесін десеңіз, пісіретін ыдыстың ішіне сары май жағыңыз.

6. Көкөністерді тамақтың суы қайнаған соң ғана салады.

7. Қызылшаны жиырма минут ыстық суда пісіріп, артынша суық суға салсаңыз, жылдам піседі.

8. Картопты тұзды суға салып қойсаңыз, жылдам аршылады.

9. Тұзды картопты қуырып болған соң салған жөн.

10. Бадана мен бұршақтың жылдам піскенін қаласаңыз, 12 сағатқа суық суға салып қойыңыз.

11. Картоп езілмесін десеңіз, сірке қышқылы қосылған тұзды суда пісіріңіз.

12. Қызылшаны қант пен алма сірке қышқылы қосылған суда пісіретін болсаңыз, бояуы шықпайды.

13. Көкөністерді дұрыс әзірлеу тәсілі:

а) қазанның қақпағы жақсылап жабылуы тиіс;

ә) көкөністерді шанышқының көмегімен тесуге болмайды;

б) піскен көкөністерді судан бірден алған жөн;

в) көкөністерді пісірген кезде суға лимон шырынын тамызу қажет.

14. Нанның жанына картоп, тұз қоятын болсаңыз, дәмі көпке дейін сақталады.

15. Балды дұрыс таңдау тәсілі:

а) таяқ алып, оған бал ораңыз. Қолдан жасалған бал таяққа жағылмайды. Сырғып аға беретін болады;

ә) балды саусағыңызбен үйкеп көріңіз. Бірнеше уақыттан соң саусақтарыңыз бұрынғыдай бір-біріне жабыспаса, бұл балға қант қосылғандығын білдіреді;

б) тырнағыңыздың ұшына бал жағып көріңіз. Сапалы бал төмен қарай ағып кетпейді.

Сообщение Пайдалы кеңестер появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *