Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург Елен Әлімжанды 80 жас мерейтойымен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург, публицист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжанның 80 жас мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Тағылымға толы кештің тізгінін белгілі ақын, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс ұстады.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде қаламы қарымды қаламгердің әдебиет пен мәдениетке қосқан өлшеусіз еңбегін айрықша атап өтті. Сондай-ақ жазушының жас қаламгерлерге дем беріп, қазақ руханиятын байытқан туындылары халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.
 Қаламыңыздың қуатымен ел бірлігін, халықтың салт-дәстүрі мен асыл мұраттарын ардақтап, ұлт руханиятын өркендетуге елеулі еңбек сіңірдіңіз. Сіз – қазақ драматургиясы мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалыптастырған, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал еткен көрнекті қаламгерсіз. Туындыларыңыз оқырманның ой-санасын тәрбиелеп, жүрегіне нұр септі. Шығармаларыңыз – ел тарихы мен замана болмысын айшықтаған шежіре, халқымыздың ойы мен арманын бейнелеген қымбат қазына. Бұл мұра келер ұрпақ үшін әрдайым өнеге болып қала береді. Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт пен ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев мерейтой иесінің иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан құрмет көрсетті.
Бұдан кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің мерекелік құттықтау хаты көпшілікке оқылды.
Құттықтау лебіздерін әрі қарай Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев пен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әсима Нүсіпова жалғастырып, жүрекжарды тілектерін арнады.
Әдебиет пен өнер тоғысқан кеште Елен Әлімжанның сөзіне жазылған «Тағзым ұлы Абайға», «Сері аға» және «Аққұмда туған баламын» атты әуезді шығармалар орындалып, тыңдарман жүрегін тербеді.
Кеш соңында драматургтың жаңа еңбектерінің тұсаукесері өтті. Көпшілікке «Жанұраным» пьесалар жинағы мен «Тарғыл сиыр» әңгімелер топтамасы таныстырылып, оқырман зор ықыласпен қабылдады.
Жазушының замандастары мен әріптестері әдебиет айдынына қосылған сүбелі дүниелердің қадамына сәттілік тілеп, ақжарма лебіздерін білдірді.

Сообщение Ербол Қарашөкеев жазушы, драматург Елен Әлімжанды 80 жас мерейтойымен құттықтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *