Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, бірден қайтарып алды

Бұрын аса ірі көлемде ақша жымқырды және ақшаны жылыстатты деген айыппен сотталған қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қандай жаза тағайындалған еді?
Қыркүйекте апелляция қорытындысы бойынша, Боранбаев кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
2023 жылғы 6 қарашада ІІМ ҚАЖК Қайрат Боранбаев жазасы ауысуына байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылғанын хабарлады. Оған дейін кәсіпкер мемлекетке миллиардтаған ақша мен ондаған бизнес-активтерді тапсырған болатын.
Оның өтелмеген жаза бөлігі бостандығын шектеуге ауыстырылды. Ол тұрғылықты жеріне өз бетінше барып, пробация қызметіне тіркеліп, оның бақылауында болуы туралы нұсқама алған.
Шартты түрде босату туралы өтініш
Боранбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші бойынша сот отырысы 2 қазанда Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотта онлайн-форматта қаралды.

"Сот отырысы барысында сотталған өз өтінішін қайтарып алды, соған байланысты сот оның өтінішін қараусыз қалдырды", – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз хатшысы.

Еске салайық, биылғы 20 маусымда кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ол Алматыдағы ақылы автотұрақтар ісі бойынша басты фигурант әрі қылмысты ұйымдастырушы деп айыпталды. Мемлекеттік сатып алу сайтында 2017 жылы Мұрат Боранбаевтың "Alan Parking" ЖШС басшысы болғаны жөнінде ақпарат жарияланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *