Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бектенов “Алматыда үлкен апат болатыны“ туралы депутаттық сауалға жауап қатты

Премьер-министр Олжас Бектенов Бақытжан Базарбектің депутаттық сауалына жауап берді. Ол бұған дейін жер берудің заңдылығына, Алматыдағы тау бөктеріндегі құрылыстың нысаналы мақсаты өзгеруіне байланысты тексеріс жүргізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін Бақытжан Базарбек тыйым салынғанына қарамастан, элиталық коттедждер салу үшін Алматының бөктеріндегі тау жоталары кесіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, мұздықтар мен мореналық көлдер еріген жағдайда "Алматыда үлкен апат болады". Ол 40 қабатты ғимарат пен басқа да тұрғын үй кешендері рұқсатсыз заңсыз салынып жатқанын айтты. Депутаттың сөзінше, Алматыда бірқатар нысанды бұзу туралы сот шешімі жылдар бойы орындалмай келеді.
Бақытжан Базарбек бақылауды күшейтуді, заңсыз құрылысты тоқтатуды талап етті.
Бектенов не деп жауап қатты?
Олжас Бектенов қаланың таулы аймағындағы жер учаскелерін бұрын Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының әкімдіктері бергенін және 1998-2014 жылдары Алматы шекарасына кіргенін мәлімдеді. 2021 жылдан бастап қазірге дейін таулы аймақта жаңа жер учаскелері берілмеген.

"25 жер учаскесіне қатысты жер заңнамасын бұзу мәселесі бойынша қазір Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті оларды берудің заңдылығын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр", - деді премьер-министр.

Бұдан бөлек Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы заңбұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдап жатқаны айтылды.
Бектенов жекелеген нысандар бойынша мәлімет келтірді:

"Беверли Хиллс" коттедж қалашығы рұқсат беру құжаттамасы негізінде пайдалануға берілді (2021-2022 жылдар);
Көлсай шағынауданындағы учаскелер бойынша (2428, 2428/1 үйлер) рұқсат берілмеді, 362-учаскедегі нысан ішінара пайдалануға берілді;
"Горный гигант" 554 учаскесі бойынша жобалық құжаттама жоқ, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, сондай-ақ, сотқа тұрғын үйді бұзу туралы талап арыз берілді;
"Горный гигант", 20А бойынша тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берілді (2021 жыл);
Prime Park ТК бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды, нұсқау орындалды;
"Монблан" ТК және "Швейцария" ТК бойынша құрылыс салушыға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, нысандарды бұзу туралы талап-арыздар сот шешімімен қанағаттандырылды, оның орындалу барысы Алматы қаласы Әділет департаменті бақылауында.

Олжас Бектенов 2025 жылы қаланың Әділет департаментінің өндірісінде тау бөктеріндегі нысандарды бұзу бойынша 35 іс болғанын айтты, оның 20-сы орындалған (57 пайыз). Бірқатар нысан толық немесе ішінара бұзылған. Қазір өндірісте 15 іс қалды.
Үкімет басшысы 4 тамызда Алматыда қаланың жоғарғы бөлігіндегі көппәтерлі үйлердің құрылысына мораторий енгізілгенін еске салды.
Олжас Бектенов қазір депутаттық сауалда көрсетілген деректерге тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Тексеріс қорытындысы бойынша депутатқа қосымша ақпарат жіберілмек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *