Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мюнхенде дрондардың салдарынан 20 шақты рейс шегерілді

Еуропадағы ірі әуежайлардың бірі – Мюнхен әуежайы 3 қазанға қараған түні белгісіз дрондарға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Әуежайдың ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, ұшу мен қону жергілікті уақыт бойынша сағат 22.18-де тоқтатылған. Соның салдарынан 17 ұшақ әуежайдан ұша алмаған, бұл шамамен 3 мың жолаушыға әсер еткен.

Мюнхен әуежайына қонуы тиіс болған рейстер басқа аэродромға жіберілген. Әуежайдың жұмысы 3 қазан таңғы сағат 5-терде қайта жанданды.

Федералдық полиция және Бавария полициясының қызметкерлері белгісіз дрондар немесе күдіктілерді анықтауға тырысып, әуежай аумағын тексерген. Бірақ ешкім ұсталмаған.

Кейінгі апталарда Дания, Швеция сияқты елдерде, Германияның солтүстігіндегі инфрақұрылым нысандары мен әскери базалар маңында белгісіз дрондар байқалған. Алғаш рет мұндай оқиға 24 қыркүйекте кешке Копенгаген әуежайы маңында болды. Әзірге, оқиғаның артында кім тұрғаны және олардың өзара байланысы туралы ешқандай ресми болжам айтылған жоқ. Ресейдің оқиғаға қатысы да жоққа шығарылған жоқ.

Немістің Spiegel басылымының жазуынша, тергеу органдары дрондар мен Киль қаласы аумағында болған Ресейдің "көлеңкелі флоты" арасындағы ықтимал байланысты зерттеп жатыр. Бұған дейін Францияда Даниядағы дрондардың пайда болуына қатысы бар деген күдікпен Ресейдің "көлеңкелі флотының" кемесі ұсталған еді.

Ресей басшысы Владимир Путин жуырда "Валдай" клубының сессиясында "Данияға неге дрон жіберді?" деген сұраққа "енді жібермейді" деп жауап берген. Ол Ресейдің аталған оқиғаларға қатысы барын мойындамады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *