Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда екі әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылады

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тиісті қаулы жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ашық НҚА" порталында жариялады. Ведомство мәліметінше, төлемдердің мөлшері әр жағдайда жеке есептеледі. Ол мыналарға байланысты:

соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысқа;еңбекке қабілеттіліктен айрылу коэффициентіне;асырауындағы адамдар санына;міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне;табысты алмастыру деңгейіне.

Бұған дейін МӘСҚ-тан аталған екі төлемді шамамен 150 мың қазақстандық алған:

асыраушысынан айырылған 66 мың отбасы 25,3 миллиард теңге алған. Орташа айлық төлем – 74 460 теңге;еңбекке қабілеттілігінен айырылған 97 мың адамға 34,5 миллиард теңге төленген. Орташа айлық төлем – 71 468 теңге.

Кімдерге беріледі?
Асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем асырауында болған адамдарға тағайындалады. Ол мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек төленеді. Қаражат асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал егер ол күндізгі бөлімде оқыса – 23 жасқа дейін беріледі, деп түсіндірді министрлік.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлем МӘСҚ қатысушыларына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек тағайындалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *