Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бала күтімінде отырған жұмыссыз әкелерге еңбек өтілі есептеледі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

— Атап айтқанда, біз бұл заң арқылы әкелердің де құқығын қорғап отырмыз. Қазіргі қолданыстағы жүйеге тоқталсақ, егер жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне есептеледі. Алайда, дәл осы құқық әкелерге берілмеген. Біз бұл теңсіздікті жоюды ұсындық. Енді заң қабылданса, егер бала күтіміне әке шықса, бұл кезең оның да еңбек өтіліне қосылады. Бұл – тек әлеуметтік әділеттілік емес, сонымен қатар қоғамдағы отбасылық рөлдер мен ата-аналық жауапкершіліктің теңдігін қалыптастыруға бағытталған қадам, — деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар бұл заң жобасында әлеуметтік кепілдіктерді қорғау мақсатында азаматтық-құқықтық шарт жасауға тыйым салатын норма енгізілді.

— Біріншіден, азаматтық-құқықтық шарттар проблемасы бар. Мәселе неде? Елімізде көптеген жұмыс берушілер қаржысын үнемдеу және әлеуметтік кепілдіктерден жалтару үшін, еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шарт жасасуды әбден әдетке айналдырды. Жұмыскер жұмыс тәртібіне бағынады, жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді, бастығы бар, бірақ қағаз жүзінде ол – «қызметкер» емес, «мердігер» саналады. Бұл неге қауіпті? Өйткені бұл азаматтық-құқықтық шартта отырған жұмыскер әлеуметтік кепілдіктерден айырылады. Ол еңбек демалысына шыға алмайды. Әйелдер де жүктілікке байланысты демалысқа шыға алмайды. Зейнетақы жарнасы аударылмайды, медициналық сақтандыруы болмайды. Енді біз бұған нақты тосқауыл қоямыз. Егер қарым-қатынаста еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса, онда азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салынады, — деді депутат.

Сонымен қатар, шетел және жергілікті мамандардың жалақы бойынша айырмашылық жойылады.

— Бір лауазым мен бір мамандық бойынша жұмыс істейтіндердің жалақысындағы алшақтық мәселесі бар. Бір кәсіпорында, бірдей лауазымда, бірдей функцияны атқаратын қызметкерлердің жалақысында бірнеше есе айырмашылық болмауы тиіс. Алайда, қазіргі заңнамада бұл мәселе реттемеген. Сондықтан осындай әділетсіздік жиі кездеседі. Мысалы, бірдей жұмысты атқарып, бірдей талаптарға сай келетін шетел мамандары мен жергілікті мамандар арасындағы жалақылары бойынша алшақтық проблемасы бар. Сондықтан да, біз Ұжымдық шартқа бір лауазым ішіндегі ең жоғары және ең төменгі жалақының ара қатынасын міндетті түрде белгілеу туралы норманы ұсындық, — деді А. Аймағамбетов.

Мұнымен қоса, өндірістегі жазатайым оқиғаны тергейтін комиссияның құрамына тәуелсіз тараптар тартылады.

— Еңбек даулары кезіндегі жұмыскердің мүддесін қорғау тақырыбына тоқталсақ, қазір өндірісте жазатайым оқиға болса, оны тергейтін комиссияны жұмыс берушінің өзі құрады, басқарады. Сондықтан көп жағдайда тергеу субъективті өтіп, жұмысшы немесе оның отбасы әділдік таппай, сенімсіздік пайда болады. Сондықтан біз тергеу процесін объективті ету мақсатында комиссияның құрамына тәуелсіз тараптарды – медиаторларды және оның туыстарын немесе адвокатын қосуға мүмкіндік береміз, — деді депутат.

 

Сообщение Бала күтімінде отырған жұмыссыз әкелерге еңбек өтілі есептеледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *