Қазақстанда доллар бағамы әлі де төмендеп жатыр
Қазақстандағы доллардың 19 қарашадағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесі бойынша, доллардың орташа бағамы 519,41 теңге болып, 1,47 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банк 19 қарашаға белгілеген ресми бағам – 521,01 теңге.kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы төмендегідей:Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы:
сатып алу - 519,30 теңге,сату - 523,60 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы:
сатып алу - орта есеппен 518,44 теңге,сату - 525,45 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!