Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпованы қабылдады

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды.

Светлана Жақыпова халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты. Бүгінгі таңда азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 2029 жылға дейінгі жоспардың 83 пайызы орындалған. Соңғы бес жылда 2,7 миллион адам еңбекке тартылды. Сапалы жұмыс орындарын көптеп ашу үшін өңірлік жол картасы мен жыл сайынғы KPI іске асырылуда.

Мемлекет басшысына биылғы 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30 пайызға азайғаны жайында ақпарат берілді. Нәтижесінде ресурстарды шын мәнінде мұқтаж жандарға қайта бөлу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде мұндай көмек түрін 285,1 мың адам алды. Бұл мақсатқа 27,1 миллиард теңге жұмсалады.

Сонымен қатар министр өндірістік жарақат алу 6,5 пайызға, ал кісі өліміне әкеліп соғатын қайғылы оқиғалар 4,5 пайызға азайғанын мәлімдеді.

Ұсынылған дерекке сәйкес, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 522 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілген, 27 мың азамат инватакси көмегіне жүгінген.

Бұдан бөлек, Президентке биыл базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін ұлғайтылғаны туралы есеп берілді. Жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индексациялау жүргізіледі. Жұмыс беруші тарапынан төленетін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп, 2028 жылға қарай 5 пайызға жетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 65 пайызы жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары саналады.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Министрлік мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге және қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жұмыспен қамту сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдау тетіктерін одан әрі цифрландыруға, еңбек қатынастарындағы қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын күшейтуге, зейнетақы жүйесін және көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *