Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Дос-Мұқасан“ солисті “Қазақстанның халық әртісі“ атағын алмаған. Министрлік неге екенін түсіндірді

Әлеуметтік желілерде "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисті Мұрат Құсайновтың әлі күнге дейін "Қазақстанның халық әртісі" атағын алмағаны қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі не дейді?
Талқылауға не себеп болды?
Threads желісінде жарияланған жазбада автор Мұрат Құсайнов секілді өнер майталманы халық әртісі атағын алмағанына таңданған. Жазба бір миллионнан аса қаралым жинап, пікірталас тудырды.

Желі қолданушылары бұл мәселе бойынша түрлі пікір айтып жатыр:
"Ол бұл атақты 50 жыл бұрын-ақ алатын адам!", "Дос-Мұқасанның" әндерін бүкіл ел тыңдап келеді - лайық!" - дейді қолдаушылар. Бұл ретте басқалары музыканттың мінезіне қатысты сын пікір қалдырған.
Министрлік не дейді?
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрат Құсайновқа шынымен "Қазақстаннның халық әртісі" атағы берілмегенін растады. Алайда басты себеп, оған бұл атақты беру туралы ұсыныс түспеген.

"Мұрат Құсайновқа атақ беру туралы ешқандай өтініш министрлікке түспеді. Биыл құжат қабылдау аяқталды. Егер келесі жылы өтініш түсіп, тиісті түрде құжаттар тапсырылса, министрлік өтінішті белгіленген тәртіпке сәйкес қарауға дайын", - деп түсіндірді.

Сондай-ақ, музыканттың бірнеше жоғары марапаттарға ие екені айтылды:

"Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі","Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері","Құрмет" ордені,
"Парасат" ордені.

Халық әртісі атағы қалай беріледі?2023 жылдан бастап "Қазақстанның халық әртісі" атағы театр, музыка, кино, цирк салаларына ерекше үлес қосқан өнер қайраткерлеріне беріледі. Үміткерде бұған дейін "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" немесе"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы болуы керек.
Марапатты Президент табыстайды, ал ұсыну құқығы парламент, үкімет, министрліктер, орталық және жергілікті органдар, шығармашылық одақтар мен ұйымдарға беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *