Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Салық органдары қазақстандықтардың декларациясын өздері толтырады, бірақ шарты бар

Қазақстанда салық органдары алдын ала толтырылған декларацияға көшуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашқы кезеңде бұл (2026 жылдан бастап) шағын бизнесті қамтиды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, алдын ала толтырылған декларацияларға көшу – бизнестің бастамасы емес, салық әкімшілігін цифрландыруға бағытталған жаһандық тренд.

"Бұл бизнестің қалауы емес, бәрі осыған келеді. Әлем цифрландыруға бет алды. Жаңа Салық кодексі шеңберінде алдын ала толтыру элементтері қарастырылған. Келесі жылдан бастап шағын бизнес үшін алдын ала толтырылған формаларды ұсынамыз, ал болашақта бұл функцияны кеңейтеміз", - деді Біржанов.

Вице-министрдің сөзінше, ірі бизнес үшін "Көлденең мониторинг" жобасы іске қосылған. Жоба шеңберінде салық органдары мен компаниялар онлайн деректер алмасу режимінде жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындар барлық ішкі есеп пен құжаттарын ұсынады, сонда кейін декларация тапсыру қажеттілігі болмайды.
Сонымен қатар, алдын ала толтырылған декларация салық төлеушінің жауапкершілігін толық мемлекетке аудару дегенді білдірмейді. Деректер салық органдары мен басқа мемлекеттік және қаржы институттарынан алынған ақпарат негізінде құрастырылады және салық төлеушіге қызмет ретінде ұсынылады.
Салық төлеуші декларацияны қабылдап, түзетулер енгізе алады. Біржановтың айтуынша, алдын ала толтырылған форма шамамен 90 пайыз дайын болады, бірақ түзетулер енгізу құқығы сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *