Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҮАААЖ-ға қосылатын жолдарды ұзарту: мән-жайы

Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім бұл шешімді брифинг барысында түсіндірді.

"Бұған байланысты Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жолайырықтарын салу туралы шешім қабылданды. Бұл жобалар Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) көлік байланысы жедел әрі агломерацияның өзара байланысы күшейеді", – деді әкім.

Сондай-ақ, оның айтуынша, БРТ (жылдам автобус бағыты) желісін дамыту жалғасады.

"Үш жаңа автобус паркін салу жұмыстары басталды. Автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен демалысын қамтамасыз ету үшін 20 тұрақ-айналу алаңы салынады. Сонымен қатар көлікке ауысып мінуге арналған үш торап құрылып, бұл қала мен қала маңын байланыстыратын ыңғайлы ауысу нүктесіне айналады", – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық пайдалануға берілді, Абай даңғылы ұзартылып, қозғалыс ашылды, 35 шақырым жаңа автомобиль жолы салынды, сондай-ақ 281 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.
Алматыда үлкен айналма жолмен жүру қымбаттайды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (БАКАД) жүру ақысы екі есе қымбаттайды.
Баға қалай өзгереді?
Жеңіл автокөліктер үшін төлем 0,07-тен 0,14 МРП-қа өседі – бұл жолда 1 сағат жүргені үшін шамамен 605 теңге болады.
Анықтама: 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (МРП) 4 325 теңге болады.
Басқа санаттағы көліктер үшін де баға пропорционал өседі. Мысалы:

16 орынға дейінгі автобус үшін жолақы – 0,16 МРП, яғни 692 теңге;
15 тоннадан ауыр жүк көліктері үшін – 0,44 МРП, шамамен 1 903 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *