Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстанда жаңа парламент жұмысын бастады

17 желтоқсанда Қырғызстанда сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы кеңеш (парламенттің) өз жұмысын бастады. Бірінші сессияны жаңадан сайланған депутаттардың ең үлкені 69 жастағы Гүлай Машрапова жүргізді. Заң бойынша, сессияны парламенттің жаңа спикері сайланғанға дейін жасы ең үлкен депутат жүргізеді.

Сегізінші шақырылымның бірінші сессиясына президент Садыр Жапаров та қатысты. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Тыныштық Шайназаров сессияда сөз сөйлеп, сайланған 87 депутатқа мандат тапсырды.

ОСК 29 көп мандатты округ бойынша 87 кандидатты Жогорку кеңес депутаты деп таныды. Алайда №13 сайлау округінің сайлау нәтижесі заңбұзушылықтарға байланысты жойылып, қайта сайлау өтетін болды.

Бұл жолы сайлаушылар тізіміне 4,2 миллион азамат енгізілді, 1,5 миллионы (36,90%) дауыс берді.

Елде 2,4 мың сайлау учаскесі ашылды, азаматтар 27 учаске арқылы қашықтан дауыс берген. Шетелде 100 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 190 мыңнан астам адам қашықтан дауыс берді.

Бірнеше округте сайлау нәтижесіне қатысты дау әлі де жалғасып жатыр. Cайлау учаскелерінде "дауыс сатып алу" туралы бейнежазбалар негізінде аумақтық сайлау комиссиясы №8 округтегі екі сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижесінің күшін жойған.

8 желтоқсанда орталық сайлау комиссиясы даулы №8 округ бойынша шешім қабылдап, Жанарбек Ақаевты, Ұлан Примовты және Нұржамал Төребекованы жеңімпаз деп жариялаған.

Бастапқыда бұл сайлау округінде гендерлік квота бойынша Жылдызқан Жолдошова көш бастап тұрған, алайда ізінше оның жинаған даусы мандатқа ие болу үшін жеткіліксіз екені белгілі болды. Ол Бішкек әкімшілік сотына шағым түсірді, бірақ оның өтініші қабылданбады. Жолдошова дауыс саны жағынан өзінен кейін келе жатқан Нұржамал Төребекованың орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тыныштық Шайназаровтың туысы екенін мәлімдеген. Шайназаров бұл айыптауларды жоққа шығарып, барлық шешім заңнамаға сай қабылданатынын мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *