Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2026 жылы елімізде қандай өндіріс ошақтары іске қосылады

Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды, бұл шамамен 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі ведомство жұмысының қорытындысы жөнінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. 

Оның айтуынша, биылғы жылға 190 жоба жоспарланған, олардың көпшілігі пайдалануға берілді.

Ірі жобалар қатарында KIA, Chery, Changan, Haval, Tank брендтерінің жеңіл автокөліктерін, жүк вагондарын, тұрмыстық техниканы, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне арналған алюминий (қалбыр) және қағаз (Pure-Pak) қаптамаларды өндіру жобаларын атап өтуге болады.

— Бұл жобалардың толық қуаты іске қосылса, өңдеу өнеркәсібінің көлемі жыл сайын қосымша 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Келер жылы минералды тыңайтқыштар өндіру, HOWO (CKD) және XCMG жүк автокөліктерін шығару, жылу оқшаулағыш материалдар, тоқыма бұйымдары, ДСП және ЛДСП тақтай материалдары, лак-бояу өнімдері мен азық-түлік өндіру сияқты ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, — деді Олжас Сапарбеков Конгресс орталықта.

2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асқан. Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 103 пайдалы қазба мен 10 мың кен орны мемлекеттік есепке алынды. Пайдалы қазбалар қоры 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс, 11 млн тонна марганец және 1,3 млн тоннадан аса фосфорит көлемінде толықты.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану толық цифрландырылды: 22 мемлекеттік қызмет онлайн көрсетіле бастады.

Сообщение 2026 жылы елімізде қандай өндіріс ошақтары іске қосылады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *