Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Жақсы адамдарым»: Жыл бойы ел жүрегінен орын алған азаматтар марапатталды https://kaz.inform.kz/news/zhaksi-adamdarim-zhil-boyi-el-zhuregnen-orin-algan-azamattar-marapattaldi-61d0f9/

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Жақсы адам – 2025» арнайы сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі марапатты ҚР Президентінің Телерадиокешені құрамындағы Jibek Joly телеарнасы ұйымдастырды. Биыл жоба төртінші рет өткізілді. 

«Жақсы адам» арнайы сыйлығы жыл сайын адал еңбегімен, жанашыр ісімен, азаматтық ұстанымымен ерекшеленген жандарға табысталады. Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ел дамуына үнсіз үлес қосып жүрген 7 азамат марапатталды. Лауреаттарға диплом, мүсінше және 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

От ішінен адам алып шыққан батыр – Талғат Мүсірәт

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында болған өрт кезінде шаруа қожалығының басшысы Талғат Мүсірәт өз өмірін қатерге тігіп, түтінге тұншығып жатқан үйге кірген. Ол қарт әйел мен 4 баланы аман алып шықты. Құтқарушылар келгенге дейін әрекет еткен азаматтың бұл ерлігі ел ішінде үлкен резонанс тудырды. Адам өмірін бірінші орынға қойған батылдығы үшін Талғат Мүсірәт «Жақсы адам – 2025» сыйлығына ие болды.

Дауылға мойымаған метеоролог – Петр Лупенков

Петр Иванович Лупенков – Каспий теңізіндегі Кулалы аралында орналасқан гидрометеорологиялық станцияның басшысы. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы экстремалды жағдайда қызмет етіп келеді. Тоқсаныншы жылдары станцияны сақтап қалу үшін ғимаратты отынға бөлшектеп әкетуден қорғаған, талай қиындықты бастан өткерген маман өз ісіне адалдықтың үлгісін көрсетті. Осы еңбегі үшін ол арнайы сыйлықпен марапатталды.

Ана мен бала өмірін аман сақтаған дәрігер – Гүлмира Мағзұмова

Акушер-гинеколог Гүлмира Әуезханқызы Мағзұмова – елімізде жатырішілік қан құю операцияларын жүргізетін бірегей маман. Ол ұрықтың ауыр патологияларын ерте анықтап, жоғары технологиялық медицинаны практикаға енгізді. Мыңдаған отбасыға үміт сыйлаған еңбегі үшін дәрігер «Жақсы адам – 2025» атағына лайық деп танылды.

Аққуды ажалдан арашалаған ауыл тұрғыны – Бауыржан Жақыпов

Павлодар облысы Баянауыл ауданында Бауыржан Жақыпов әкесімен бірге мұзға қатып қалған аққуларды құтқарып қалды. Табиғатқа жанашырлық танытқан бұл әрекет әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жануарларға деген қамқорлығы үшін ол арнайы сыйлық иегері атанды.

Екі миллион ағаш еккен қарт бағбан – Бектай Сүлейменов

Қызылорда облысының тұрғыны, 86 жастағы Бектай Сүлейменов өмірінің 60 жылын орман шаруашылығына арнаған. Ол 2 миллионнан астам ағаш отырғызып, зейнетке шыққан соң да туған жерін көгалдандыруды тоқтатпаған. Табиғатты қорғаудағы өлшеусіз еңбегі үшін ардагер «Жақсы адам – 2025» сыйлығына ие болды.

40 жыл жедел жәрдемде жүрген фельдшер – Гүлзада Әбдіғалиева

Гүлзада Макиетқызы Әбдіғалиева жедел жәрдем саласында 40 жыл бойы үздіксіз қызмет атқарып келеді. Ол кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, талай жанның өмірін сақтап қалды. Медицинадағы адал еңбегі мен мейірімі үшін арнайы сыйлық табысталды.

Тау мен табиғаттың шынайы жанашыры – Тимур Хасенов

Алматылық белсенді Тимур Хасенов бірнеше жылдан бері Алма-Арасан шатқалын қоқыстан тазалауды әдетке айналдырған. Оның бастамасы экологиялық қозғалысқа ұласып, еріктілерді біріктірді. Қоршаған ортаны қорғаудағы белсенділігі үшін ол «Жақсы адам – 2025» сыйлығына ие болды.

Салтанатты іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен мәдениет өкілдері қатысты.

Марапаттау рәсімінің толық нұсқасы жаңа жыл қарсаңында Jibek Joly телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

 

Сообщение «Жақсы адамдарым»: Жыл бойы ел жүрегінен орын алған азаматтар марапатталды https://kaz.inform.kz/news/zhaksi-adamdarim-zhil-boyi-el-zhuregnen-orin-algan-azamattar-marapattaldi-61d0f9/ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *