Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Айзат Жұманованы айуандықпен өлтірді деген айыпталушы жанжалдың себебін атады

Әйелі Айзат Жұманованы өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболаттан сотта жауап алынды. Сотталушы оны ұрғанын мойындап, жазаға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушының айтуынша, жанжал оның қызғанышынан шыққан. 5–6 бөтелке сыра ішкеннен кейін үйіне барып, сол жерде жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.
Әйелінен күші едәуір басым болған ер адам үй ауласында әйелінің кеудесінен жұдырығымен ұрып, бірнеше рет шапалақпен ұрған. Айыпталушының сөзінше, әйелін үйге кіргізіп бара жатып, табалдырықта екеуі бірге құлап қалған.

"Үйде мен оны ваннаға апардым, ол өзі жуынып, өзін ретке келтірді. Кейін жағдайы қатты нашарлап кетті, мен оған ашық түсті трико кигізіп, ауруханаға апаруды ұйғардым. Жедел жәрдемнің келуі көп уақыт алатын болғандықтан көрші Нұрсұлтаннан көмек сұрадым. Баласаз ауылымыз тауда орналасқан, аудан орталығынан бізге жету бір сағаттан да көп уақыт алады", – деді айыпталушы сотта.

Оның айтуынша, көршісімен бірге Айзаттың өзін жолай жатқан Суықсай ауылына жеткізіп, ата-анасынан джип алып, әрі қарай аудан орталығы – Жансүгірова ауылына барған. Алайда аудандық аурухана жөнделіп жатқандықтан, әйелді Талдықорғандағы ауруханалардың біріне жеткізген, ол шамамен 100 шақырым жерде орналасқан.
Ер адам әйелін өлтіру ниеті болмағанын, болған жайтты қызғаныштан туғанын түсіндірді.

"Бұрын да арамызда кикілжің болған, бірақ қол көтеруге дейін барған емес. Мен оған күйеулерінен ажырасып, ішімдік ішетін құрбыларымен араласуға тыйым салдым. Олардың ықпалы маған ұнамайтын, мұны талай айттым. Мен оны жақсы көрдім, бірақ бұл жолы өзімді ұстай алмадым", – деді сотталушы.

Прокурор мен жәбірленуші тарап өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, сотталушы әйелін өлтіруге қасақана ниеті болмағанын айтты.

"Мен оны ұрғанымды мойындаймын және жаза тартуға дайынмын. Ал оны далада атқа байлап сүйреді немесе көлікпен сүйреді дегендердің бәрі өтірік", – деді ол.

Айта кетейік, 19 желтоқсанда сотта Айзат Жұманованы ес-түссіз күйде әкелген ауруханадағы бейнебақылау камерасының жазбасы көрсетілді. Камерада әйелді кресломен ауруханаға кіргізіп әкелгені көрінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *