Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Орал қаласы маңындағы Жайық өзені бойында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін бұл нысандардың құрылыс барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ардагерлер кеңесі өкілдері, қала әкімімен арнайы барып қадағалады.
Өңір басшысы алдымен Орал қаласы, Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық–Көшім суару-суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын қадағалады. Бұл құрылым облыстың 5 ауданын сумен қамтамасыз ететін маңызды гидронысан болғандықтан, Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінің бөгетсіз су алу аймағында өзен жағасын шайып кетудің алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында қолға алынды. Жоба аясында ұзындығы 1,928 км болатын жағалау бөлігі бекітіледі.
Жобаны 2026 жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарланған.

Одан кейін облыс әкімі Орал қаласы, Жайық өзені жағалауын Чичерная көшесінен Шамсудинова көшесіне дейін бекіту жұмыстары және Жайық өзені Шамсудинова көшесінен кемежайға дейін жағалауды бекіту жұмыстарын қадағалады. Жайықтың дәл іргесінде орналасқан аумақтар тұрғын үй көп және су тасқыны қаупі жоғары аймақ саналады. Осы қауіптің алдын алу мақсатында биыл жаз бойы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жобалар өзен арнасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, 300-ден астам тұрғын үйді ықтимал апаттардан қорғау мақсатында қарастырылған.
Жағалауды бетонмен бекітіп қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың жағада қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруіне жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, аталған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *