Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жапония Қазақстанның геологиялық барлау жобаларына белсене қатысқысы келеді

Жапонияға сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар компания басшыларымен, атап айтқанда Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахарумен кездесті.
Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында "геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сонымен бірге табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық перспективасы" талқыланған.

"Сонымен қатар әңгімелесу барысында ұйымның еліміздегі геологиялық барлау жобаларына қатысу және өкілдік ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Президенттің пікірінше, бұл бірлескен жобаларды тиімді үйлестіруге, сондай-ақ Жапонияның өндірістік және технологиялық компанияларының Қазақстан нарығына көптеп келуіне ықпал етеді" деп жазылған Ақорда хабарламасында.
JOGMEC – Жапонияның энергетикалық және минералды шикізат қауіпсіздігіне жауапты негізгі мемлекеттік институты деп айтылады. Ұйым мұнай, газ, сутегі, аммиак және сирек кездесетін металдардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ететін мемлекеттік оператор міндетін атқарады.
Тоқаев сонымен бірге Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездескен. Тоқаев Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізген. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдаған.
Ақорданың жазуынша, Тоқаев сонымен бірге Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны да қабылдаған. Ресми ақпаратқа қарағанда, компания Астана қаласында техниканы күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салуды жоспарлап отыр.

"Хироюки Огава стратегиялық тұрғыдан маңызды нарық саналатын Орталық Азияның әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол екеніне тоқталды. Ол жаңа кешеннің аймақтағы тау-кен компанияларының техникаларын аз уақыт ішінде төмен бағада жөндейтін әрі оларға жедел сервистік қызмет көрсететін өңірдегі ірі хабқа айналатынын мәлімдеді" деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Komatsu компаниясының Қазақстанда операторларға, механиктер мен инженерлерге арналған аймақтық оқыту орталығын ашу туралы бастамасына қолдау білдірген.
Komatsu құрылыс, тау-кен, жол және индустрия салаларына қажетті техникалар өндіруге маманданған әлемдегі ең ірі машина жасау корпорацияларының бірі саналады.
Тоқаевтың Жапонияға сапары 20 желтоқсанға дейін жалғасады.
19 желтоқсанда Токиода Жапония премьері Санаэ Такаичидің төрағалығымен "Орталық Азия + Жапония" саммиті өтпек. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшылары қатысады. Саммитте жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық аясы нақтыланып, Ресейді айналып өтіп, Каспий теңізі арқылы Еуропаға тауар таситын транзит жолын дамыту жайы талқыланбақ. Жапония премьері Орталық Азия елдері басшыларының әрқайсымен жеке кездесу өткізбек.
Бұл саммит 2004 жылы құрылған "Орталық Азия – Жапония" диалогының 20 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Осы уақытқа дейін бұл формат аясында елдердің сыртқы істер министрлері мен олардың орынбасарлары ғана кездесетін. Ал биыл кездесудің жоғарғы деңгейге көтерілгені Жапония Орталық Азиядағы геосаяси рөлін арттырғысы келе ме деген сұрақ туғызды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *